Фараби апталығы өттіFarabi University

Фараби апталығы өтті

6 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы  білім беру дайындығы кафедрасында шетелдік студенттер Фараби апталығы аясында Фараби идеяларын заманауи тілмен көрсету мақсатында электронды постер әзірлеп, Фарабидің қоғам, білім, тәрбие, бақыт туралы идеяларын талқылап, жатқа оқыды. Талқылауға кафедра меңгерушісі Б.М.Айтбаева мен топ кураторы А.К.Ахмедова қатысып, ұлы ойшылдың идеялары туралы ой-пікірлерін білдірді.