- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі есеп пен аудиттің орнықты дамуы: ESG-қаржылық есептілікті трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел
«Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі есеп пен аудиттің орнықты дамуы: ESG-қаржылық есептілікті трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы 2025 жылғы 5 қарашада сағат 15.00-де Әл-Фараби апталығы аясында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлер мен аудиторлар күні қарсаңында «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі есеп пен аудиттің орнықты дамуы: ESG-қаржылық есептілікті трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Сондай – ақ, дөңгелек үстел тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға бағытталды: ТДМ 4 – сапалы білім беру, ТДМ 8-лайықты жұмыс және экономикалық өсу. Дөңгелек үстелдің мақсаты-цифрландыру жағдайында аудит саласындағы нақты, өзекті мәселелерді шешуге, Экономика және бизнес Жоғары мектебінің білім алушыларын бухгалтерлік есеп пен аудиттің практикалық мәселелерін шешуге тартуға бағытталған профессор-оқытушылар құрамы мен ЭжБЖМ жас ғалымдарының, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен практик-мамандардың әріптестік өзара іс-қимылын дамыту.
Жоғары мектеп басшылығы декан Жанна Жандарбекқызы Ермекова, ғылым және инновациялық жұмыс жөніндегі деканның орынбасары Дина Баубериковна Канагатова, Экономика және қаржы департаментінің директоры Әсем Жанабекқызы Мақашова, кафедраның ПОҚ, докторанттар мен магистранттар кәсіби сала өкілдерімен кездесіп, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы тұрақты даму мүмкіндіктерін талқылады. Бизнес-серіктестер ретінде Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасынан Академия директоры Тимур Әнуарұлы Әбиев сөз сөйледі, «Учет.kz» Барышев Михаил Анатольевич, KPMG Кавказ және Орталық Азия директоры Темірғалиева Әсел Қасымалиқызы, «Интергаз Азия» АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері Абишева Жұмакүл Әбілқасымқызы өз ойларымен бөлісіп, докторанттар мен магистранттардың баяндамаларын тыңдады.
Мұндай өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу, заманауи ойлар бухгалтерлік есеп пен аудиттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету тетіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар