Компания базасында өткізілген тәжірбиелі сабақ
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 — «Сапалы білім беру», №8 — «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», №11 — «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» және №17 — «Тұрақты дамуға бағытталған әріптестік» мақсаттарының жүзеге асырылуы аясында 2025 жылдың 6қарашасында Экономика кафедрасы «6В04103 – Экономика» мамандығының 4-курс студенттеріне «Ұлттық экономика» пәні шеңберінде практика базасындағы тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
10-шы аптадағы: «Ұлттық экономикадағы әлеуметтік сфера құрылымы» семинар сабағы ЖШС «Rides & Games» өндірістік базасында өтті, ол нарықта «My Kids» отандық брендпен танымал компания. ЖШС «Rides & Games» 2015 жылы құрылған және бүгінде Қазақстанның ең ірі қалаларында — Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Орал және басқа қалаларда орналасқан «My Kids» отбасылық ойын-сауық парктері желісін басқарады.Қазіргі таңда компанияның 7 белсенді парк жұмыс істейді және 5 парк құрылыс сатысында. Парктерге жыл сайын 2 миллионнан астам келуші келеді, ал іске асырылған жобалардың жалпы аумағы 42 000 шаршы метрден асады.Компания халықаралық сапа стандарттарын енгізіп, басқаруда цифрлық технологияларды қолданады және физикалық пен цифрлық форматтарды біріктіретін Phygital кеңістігі тұжырымдамасын жүзеге асырады.Көшпелі сабақ барысында студенттер компанияның бизнес-процестерімен, ішкі бизнес-талдау ерекшеліктерімен, кадрларды басқару (HR) жүйесімен және бөлімдердің өзара байланысымен танысты. Сондай-ақ, заманауи цифрлық құралдардың жұмыс тиімділігін арттыруға, басқару жүйесін жетілдіруге және клиенттік тәжірибені жақсартуға қалай әсер ететіні көрсетілді.Компания базасындағы тәжірибе сабағы "My Kids" парктері өңірлік желісінің басшысы - менеджер Мендекинова Амина және компанияның HR басшысы Кабденова Еңлік ханымдардың басшылығымен кереметөтті.
Сабақ кезінде студенттер қызмет көрсету саласындағы компанияның жұмысын жан-жақты көріп, маркетингтік іс-шараларды жоспарлау, клиенттермен және серіктестермен өзара әрекеттесу үдерістерімен танысты.Сонымен қатар студенттер компания стратегиясын талдап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған шағын әлеуметтік жоба әзірледі. ЖШС «Rides & Games» компаниясына бару студенттер үшін маңызды тәжірибе болды: ол пән бойынша білімдерін тереңдетуге, қызмет көрсету саласындағы бизнес-модельдерді түсінуге және цифрлық экономика, HR және бизнес-талдау қағидаттарының нақты кәсіпорында қалай қолданылатынын көруге мүмкіндік берді. Алынған білімдер дипломдық және ғылыми жұмыстарды орындауда, сондай-ақ болашақ экономистердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруда пайдалы болмақ.
Компания базасындағы семинар сабақты ұйымдастырушы және модераторы: PhD, аға оқытушы Г.К.Иляшова
Басқа жаңалықтар