Цукуба Университетінің Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар институтында (Цукуба қ., Жапония) қысқа мерзімді тағылымдамаFarabi University

Цукуба Университетінің Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар институтында (Цукуба қ., Жапония) қысқа мерзімді тағылымдама

9 қараша, 2025

Экономика және бизнес Жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Р. Даулиева, доценті Г.К. Андабаева және аға оқытушысы А.Е. Қалиева 2025 жылдың 11-19 шілде аралығында AP23489032 «Қазақстан өңірлерінде табыс теңсіздігі және кедейлік деңгейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеуметтік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу» ғылыми-зерттеу жобасының шеңберінде Цукуба Университетінің Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар институтында (Цукуба қ., Жапония) қысқа мерзімді тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында университеттің жетекші сарапшыларымен жоба аясында жүргізілген зерттеулер нәтижелерін талқылау және кейінгі кезеңдерде зерттеу әдіснамасын жетілдіру бойынша кеңес алу, институт аясында жүргізіліп жатқан шағын және орта бизнес саласында практикалық зерттеулермен танысу; осы саладағы мәселелер мен үрдістерді зерттеу және алынған білімге негізделген шешімдерді талқылау жүзеге асырылды. Кедейлік пен теңсіздікті азайту БҰҰ-ның Тұрақты даму күн тәртібінің және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негізгі мақсаты болып табылады, олар кедейлікті жоюға және бірлескен өркендеуді тұрақты түрде қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты, жоғары экономикалық тұрақсыздық жағдайында шағын және орта бизнестің теңсіздік пен кедейлікке әсерін зерттеудің әдіснамалық тәсілдерін анықтау және жетілдіру мақсатында жетекші университет зерттеушілерімен кеңес өткізілді. Талқылау барысында сондай-ақ жоба аясында іске асыру жоспарланған болашақ бірлескен зерттеу жұмыстарының әлеуетті бағыттары анықталды.