«Farabi Greencampus: Таза универ» жобасы
«Farabi Greencampus: Таза универ» жобасы(Кампусты және айналамызды таза әрі жасыл етугебағытталған жоба) аясында 2025 жылдың 26 қарашасында Логистика мамандығының 3-курс ЛГ23К1 тобының студенттері өз үлестерін қосты.
Бұл іс-шара барысында студенттер университет аумағында сенбілік ұйымдастырып, оқукорпустары мен демалыс аймақтарындағықоқыстарды жинап, жасыл желектерді күтіп-баптаужұмыстарын жүргізді.
Бұл жоба қалдықтарды азайтуға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған "Жауапты тұтыну және өндіріс" 12ші тұрақты даму мақсатын (ТДМ) қолдайды.
Іс-шараның басты мақсаты –жастардыңэкологиялық жауапкершілігін арттыру, табиғаттықорғау мәдениетін дамыту және университет аумағын көркейту болды. «Бизнес технологиялар»кафедрасының студенттері бұл бастама арқылықоршаған ортаға деген қамқорлықтың әркімніңөзінен басталатынын дәлелдеді.
Ұйымдастырушылар: "Бизнес технологиялар" кафедрасының ПОҚ Ибраева Л.М., Бейсенова М.У. және топ эдвайзері Кажмуратова А.К.
Басқа жаңалықтар