- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тәні саудың – жаны сау». ТДМ №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясындағы футбол матчы
«Тәні саудың – жаны сау». ТДМ №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясындағы футбол матчы
07.11.2025 жылы БҰҰ-ның №3 «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» ТДМ аясында Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Мыңбатырова Н.Қ жетекшілігімен заң факультетінінің 3 курс студенттері арасында футбол матчы ұйымдастырылды.
.jpeg)
Іс-шараның мақсаты – студенттердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және №3 ТДМ құндылықтарын ілгерілету.
Ойын барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін шыңдап қана қоймай, топтық жұмыс, ынтымақтастық және өзара қолдау дағдыларын дамытты. Мұндай матчтар студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, студенттердің жауапкершілік сезімін және командалық жұмыс дағдыларын арттырады. Сондай-ақ, жастардың спортқа деген қызығушылықты оятып, дене шынықтырудың маңыздылығын айқындайды.
Мұндай спорттық іс-шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар студенттердің әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы