ТДМ 5 «Гендерлік теңдік» ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту»
2025 жылдың 10-қазан күні Құқық қорғау қызметі мамандығының 121-топ студенттері Біріккен Ұлттар Ұйымының 5 және 10 мақсаттары — «Гендерлік теңдік» пен «Теңсіздікті азайту» бағыттары аясында маңызды әлеуметтік бастама көтерді. Студенттер Алматы қаласы әкімдігінің алдында түсірілім жұмыстарын жүргізіп, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – әйелдер мен ерлер арасындағы тең құқықтылықты, әлеуметтік әділдік пен инклюзия қағидаттарын бейнеледі. Бұл бастама «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Исабеков А.К. жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда гендерлік теңдік пен әділдік қағидаттарын насихаттау, әлеуметтік теңсіздікті азайту идеяларын дәріптеу және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру болды. Сонымен қатар, студенттер бұл жұмыс арқылы құқықтық мәдениетті нығайтуға, адам құқықтарына деген құрметті қалыптастыруға және тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге үлес қосты.
.jpeg)
121-топ студенттерінің бастамасы — заманауи жастардың қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, өз білімдері мен азаматтық көзқарастарын ортаға салуының жарқын көрінісі. Түсірілім барысында олар гендерлік теңдік пен әлеуметтік әділеттілік идеяларын шығармашылық тұрғыда жеткізіп, қоғамда тең мүмкіндіктер мен инклюзивті ортаны қалыптастырудың маңыздылығын айқын көрсетті. Бұл жоба тек оқу тәжірибесінің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына нақты үлес қосатын бастама болып табылады.
Осы іс-шара арқылы студенттер қоғамдағы теңдік, әділет және адам құқықтарын қорғау құндылықтарын кеңінен насихаттап, құқық саласындағы болашақ мамандар ретінде әлеуметтік белсенді азаматтық ұстанымдарын танытты.
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы