«6В12301 Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері «Өмірді таңда, есірткіден бас тарт!» атты іс-шара өткізді.Farabi University

«6В12301 Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері «Өмірді таңда, есірткіден бас тарт!» атты іс-шара өткізді.

11 қараша, 2025

«6В12301 Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері «Өмірді таңда, есірткіден бас тарт!» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында қатысушылар Заң мен Тәртіп қағидаларын, азаматтық жауапкершілікті және БҰҰ-ның ТДМ 3 жобасын — «Денсаулық пен амандық» тақырыбын талқылады. Студенттер сонымен қатар тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, есірткіден ада өмірді насихаттайтын ақпараттық парақшалар таратты.

Мұндай бастамалар болашақ құқық қорғаушылардың құқықтық және адамгершілік құндылықтарын нығайтып, қауіпсіз әрі әділ қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.