«Заң және тәртіп: “Капитан Байтасов” фильмі»Farabi University

«Заң және тәртіп: “Капитан Байтасов” фильмі»

11 қараша, 2025

«Заң және тәртіп» қағидаларын меңгеру мақсатында «6В12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері «Капитан Байтасов» фильмін көрді, іс-шара ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар аясында өткізілді.
Фильмдегі оқиғалар құқықтық жағдайларды талдау және әділеттілік түсінігін қалыптастыру үшін пайдаланылды.
Қатысушылар заңның рөлі, азаматтардың құқықтарын сақтау тәртібі және ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы талқылады.
Іс-шара студенттерге заңдардың және құқықтық тәртіп принциптерінің практикада қолданылуын көруге мүмкіндік берді.
Соның нәтижесінде ол студенттердің құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін және заңға құрметін дамытуға, әділ және бейбіт қоғам принциптерін нығайтуға ықпал етті.