«Заң және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстелFarabi University

«Заң және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел

6 қараша, 2025

2025 жылғы 6 қарашада 16-ТДМ «Бейбітшілік, сот әділдігі және тиімді институттар»аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары № 17 жатақханада«Заң және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараныныңұйымдастырушылары: филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, полицияполковнигі С.Б. Тілеубаев, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Темірболат,филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Е.К. Карбозов, аға оқытушы Б.Б. Баязитов. Кездесу барысында полиция полковнигі С.Б. Тілеубаев студенттерге ҚазақстанРеспубликасының заңдарын білу мен сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. ПрофессорА.Б. Темірболат, ассистент-профессор Е.К. Карбозов және аға оқытушы Б.Б. Баязитовстуденттермен рухани құндылықтар мен құқықтық сауаттылық мәселелерін талқылады.Студенттер оқытушыларға сұрақтар қойып, қазіргі қоғамның рухани құндылықтары туралы өзпікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел отырысына әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментініңқызметкерлері қатысты.