Екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық жалғасын табудаFarabi University

Екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық жалғасын табуда

12 қараша, 2025

Қазақстан мемлекет басшысы Қ.Т.Тоқаев Ресей Федерациясына іскерлік сапарының екінші күні басталды. Елімізге, ел басшыға  деген Ресей Федерациясының ерекше құрметінің белгісі ретінде қазақстандық делегация отырған ұшақты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі жоғары деңгейде  өткеніне жұртшылық еліміздің делегециясы отырған ұшақты Внуково әуежайында әскери оркестр мен құрмет қарауылының қарсы алуынан көз жеткізді.

Кремльде мемлекет басшыларының бейресми жеке кездесуі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапарының жұмыс кестесі де өте маңызды және екі ел арасында қалыптасқан  жан-жақты келісімді сияқты  өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізілді. Президент сапарында сондай-ақ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлеуі де жоспарланған. Екі ел арасындағы ынтымақтастық щарым қатынастың жылдан жылға кеңейіп, тауар айналымы, алыс-беріс көлемі, сауда экономикалық байланыстың ауқымы да өсіп отыр. Сондай ақ елімізде салынғалы жатқан атом станциясына да Ресей тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны және Қазақстанда Ресей университеттерінің филиалы ашылып жатқаны да екі ел арасындағы достық байланыстың тағы бір куәсі және қуантарлық жәйт.

 

Баймуратова И. А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шет ел тілдері кафедрасының оқытушысы