ТДМ 4. «ҰБТ тапсырудың қыры мен сыры»
30 қазан 2025 жылы «ҰБТ тапсырудың қыры мен сыры» атты іс-шара өткізілді. Шараға биология пәні бойынша топтыңдаушылары қатысты.
Шараның негізгі мақсаты – тыңдаушылармен бірге Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты «Сапалы білімді қамтамасыз ету» аясында білім беру іс-шараларын өткізу болды. Іс-шара барысында ҰБТ тапсыруға қатысты негізгі талаптар түсіндіріліп, таңдалған пәндерге байланысты мамандықтармен таныстырылды.
Сонымен қатар шара барысында гранттық және ақылы оқу формаларының айырмашылықтары, білімге құштарлықты арттыру жолдары түсіндірілді. Тыңдаушыларға шығармашылық бағытта емтихан тапсыру арқылы түрлі мамандық иесі болуға болатыны туралы ақпарат беріліп, олардың көкейіндегі сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Іс-шараның нәтижесінде тыңдаушылар ҰБТ тапсыруға дайындық, оқу формаларының ерекшеліктері мен мамандық таңдаудағы мүмкіндіктер туралы толық түсінік алды.
Басқа жаңалықтар