Жастар белсенділігі және Арал теңізі
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде «Жастар белсенділігі және Арал теңізі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шара барысында жастардың экологиялық жауапкершілігі мен тұрақты даму үдерістеріндегі белсенді рөлі талқыланды.
Кездесуге Тұрақты даму орталығының директоры Хайбуллина Жания және менеджері Уржанова Дарига, сондай-ақ AlmaU университетінен келген студенттер – Мынбай Айым, Сатулганова Надия және Жанкаева Илана қатысты. Қонақтар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, Арал өңіріндегі экологиялық жобалар, саксаул отырғызу бастамалары және SDG Legion AlmaU еріктілер қозғалысының қызметі туралы әңгімеледі.
Физика-техникалық факультетінің студенттері қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Іс-шара соңында тараптар экологиялық бастамалар мен тұрақты даму саласында ынтымақтастық пен бірлескен қызметті жалғастыру туралы уағдаласты.
Бұл кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тығыз байланысты, атап айтқанда:
ТДМ 6 – Таза су мен санитария,
ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес,
ТДМ 14 – Су астындағы тіршілік,
ТДМ 15 – Құрлықтағы тіршілік,
ТДМ 17 – Мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестік.
Іс-шараны жылуфизика және техникалық физика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Шортанбаева Ж.К. және аға оқытушы Тайманова Г.К. ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар