ТДМ 3 «Жақсы денсаулық пен амандық» тақырыбындағы кездесу
2025 жылдың 5 қарашасында сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы Досимқанқызы Азиза «ДИЯ» мамандығының 1 курс студенттерімен ТДМ 3 – «Жақсы денсаулық пен амандық» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара филология ғылымдарының докторы, ассистент-профессор Болатова Гульжан Жамбылқызының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ қоғамдағы амандық пен игілік құндылықтарын дәріптеу болды.

Кездесу барысында студенттерге тақырып бойынша презентация көрсетілді. Кейін қатысушылар интерактивті тапсырмаларды орындады:
– тақырыпқа байланысты ассоциограмма құру;
– «денсаулық» және «амандық» ұғымдарының анықтамаларын салыстыру;
– сұрақтарға ойын түрінде жауап беру.
Студенттер белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды, өмірлік мысалдар келтірді және пікірталасқа қатысып отырды.
Іс-шара соңында қатысушылар салауатты өмір салтының адам өміріндегі маңызын атап өтіп, пайдалы әдеттерді күнделікті өмірге енгізу қажеттігін түсінді.
Мұндай кездесулер студенттердің сыни ойлау қабілетін арттырып, жауапкершілік пен өзара қамқорлық мәдениетін қалыптастырады.
Басқа жаңалықтар