- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қонақ дәріс: Анықталмаған интегралдарды есептеу – экономикалық мамандықтарға арналған математикалық дайындық
Қонақ дәріс: Анықталмаған интегралдарды есептеу – экономикалық мамандықтарға арналған математикалық дайындық
14 қараша, 2025
2025 жылғы 14 қарашада сағат 9:00-де (1 зал, ЭБЖМ) ТДМ 4 (Сапалы білім беру) және ТДМ 17 (Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік) шеңберінде Қазақстан-Британ университетінің Қолданбалы математика мектебінің қауымдастырылған профессоры, к.ф.-м.н., Кенжебаев Талғатбек Сәдуақасұлы қонақ дәріс өткізді.
Дәріс «Экономикадағы математика» пәні бойынша «Анықталмаған интеграл. Анықталмаған интегралдарды есептеу» тақырыбында ұйымдастырылып, “Қаржы”, “Есеп және аудит”, “Менеджмент” мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналды.
Іс-шара студенттердің математикалық дағдыларын арттыруға және математиканың экономикалық талдаудағы қолданылуын терең түсіндіруге бағытталды.
Экономика кафедрасы, аға оқытушы Қыстаубаева А. К.