- Басты бет
- Жаңалықтар
- Студенттер арасында суицидтің алдын алу Кураторлық сағат – 1 курс, «Робототехникалық жүйелер» мамандығы
Студенттер арасында суицидтің алдын алу Кураторлық сағат – 1 курс, «Робототехникалық жүйелер» мамандығы
Бүгін куратор Ахметова Б.И. жетекшілігімен 1 курс студенттері арасында суицидтің алдын алу және өмірлік дағдыларды қалыптастыру тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Жиын барысында талқыланған негізгі мәселелер:
🔹 Эмоциялық күйзеліс себептері
🔹 Стресті басқару жолдары
🔹 Психологиялық көмек ресурстары
🔹 Бір-бірін қолдау мәдениеті
🔹 Қиын жағдайдағы студентпен дұрыс байланыс орнату тәсілдері
Студенттер өмірлік құндылықтар, адамның ішкі ресурстары, өзіне және қоршаған ортаға деген жауапкершілік туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, психологиялық қолдау алу жолдары мен университеттің сенім қызметі туралы ақпарат ұсынылды.
📌 Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР/SDG) тікелей байланысты:
• ЦУР 3: Денсаулық және әл-ауқат – жастардың психологиялық денсаулығын сақтау
• ЦУР 4: Сапалы білім – қауіпсіз және қолдау көрсететін білім беру ортасын қалыптастыру
• ЦУР 16: Тыныштық, әділдік және мықты институттар – қауіпсіз қоғам және қолжетімді көмек тетіктері
Студенттер бір-біріне қамқор болудың, уақытында көмек сұраудың және психологиялық денсаулықты қорғаудың маңызын түсінді.


Автор: PhD Ахметова Б.И.
Басқа жаңалықтар