ТӘРТІП БОЛМАҒАН ЖЕРДЕ ЖЕТІСТІК ЖОҚ
Механика-математика факультетінде «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» идеологемасын жоғары оқу орнында енгізу бойынша жастардың құқықтың сауаттылығын арттыру мақсатында «Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы заң мен тәртіптің рөлі» атты тақырыпта Заң факультетінінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушы-профессорлары – кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Гүлнар Куаналиевамен, ассистент-профессор Қанат Қожабекпен, з.ғ.к., профессор Гүлнар Айгариновамен және PhD, аға оқытушы М.Н. Умбетовпен кездесу өтті.
Президентіміз Қасым-Жомат Тоқаевтің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын басты назарға алған заңгерлеріміз «Заң мен тәртіп» қағидасының бірінші кезекте халықтың алаңсыз әрі тыныш өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталғанын және түрлі құқықбұзушылық пен қылмысты дер кезінде анықтап, бұзақыларды заңға сәйкес жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Жүздесу – студент жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған әрі азаматтар мен құқық қорғаушылар заңдылық пен адамгершілікті ұстанғанда, құрметтегенде ғана таза, әділ, өркениетті, қауіпсіз Қазақстанда өмір сүретінімізге көзімізді жеткізген пайдалы шара болды.




Әбенов Б.Қ. - Механика - математика факультетінің аға куратор-эдвайзері
Басқа жаңалықтар