Абай танымындағы адамның рухани дәрежелері
Тарих факультетінің 6B02205 Тарих мамандығының TEDxAbay ойталқысында жүлдегер атанды
Қазақстан-Британ техникалық университетінде Әлеуметтік ғылымдар мектебінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған TEDxAbay ойталқысы өтті.
Үш апта бойы жалғасқан дәрістерге 250-ден астам студент қатысып, Абайдың рухани мұрасы мен таным тереңдігін талқылады. Бағдарламаның қорытынды кезеңі ретінде 8 қараша күні TEDx форматында шығармашылық ойталқы өткізілді. Байқауға 42 үміткер қатысып, іріктеу нәтижесінде үздік 13 қатысушы финалда өз баяндамаларын ұсынды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінің 2-курс студенті Аман Ислам «Абай танымындағы адамның рухани дәрежелері» тақырыбындағы баяндамасымен көзге түсіп, II орын иеленді.
Іс-шара соңында жүлдегерлер арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Басқа жаңалықтар