ҒЫЛЫМИ ЭССЕ БАЙҚАУЫ «Фарабидің даналығы және болашақ технологиялар»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде «Фараби апталығы» аясында өткен ғылыми эссе байқауына студенттер белсенді түрде қатысып, өз ғылыми идеяларын ортаға салды.
Эссе тақырыбы: Smart Parking
Мақсаты – заманауи технологияларды пайдалану арқылы қаладағы көлік тұрақ жүйесін оңтайландыру, экологиялық және интеллектуалды инфрақұрылым қалыптастыру.
Жетекші: Асилова А.С.
Қатысушылар: Тоқтасын Талшын және Құрманғали Ақтілек
Байқау барысында студенттер Әл-Фарабидің даналық идеяларын қазіргі заман технологияларымен ұштастырып, интеллектуалды қоғам құрудағы өз көзқарастарын көрсетті. Қатысушылар ғылыми белсенділігі мен шығармашылық ізденістері үшін сертификаттармен марапатталды.
Бұл іс-шара студенттердің зерттеу дағдыларын дамытып, инновациялық ойлау қабілетін арттыруға, сондай-ақ Әл-Фараби мұрасының заманауи мәнін ұғынуға бағытталды.
Басқа жаңалықтар