13 қараша 2025 ж. «Қаржы секторындағы цифрлық құралдар» тақырыбында қонақ дәріс өттіFarabi University

13 қараша 2025 ж. «Қаржы секторындағы цифрлық құралдар» тақырыбында қонақ дәріс өтті

14 қараша, 2025

Acceptum.ai компаниясының негізін қалаушылар Сергей Пак пен Мұстафин Жұбаныш Бауыржанұлы цифрландырудың қаржы саласындағы рөлі, жасанды интеллекттің есеп пен талдаудағы мүмкіндіктері, автоматтандырудың тиімділігі және заманауи цифрлық платформалар туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Дәріс студенттерге қаржы саласындағы жаңа трендтерді түсінуге, болашақ кәсіби дағдыларын дамытуға және цифрлық технологиялардың практикалық маңызын көруге мүмкіндік берді.

Шараны ұйымдастырған э.ғ.к. Асилова А.С. , э.ғ.к., Жорабаева Ж.К. және “Қаржы” мамандығының 2-курс студенттеріне, сондай-ақ қонақтарымызға алғыс білдіреміз!
13 ноября 2025 года состоялась гостевая лекция на тему «Цифровые инструменты в финансовом секторе».