- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Университетімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Сенбілікке әр түрлі мамандықтардың студенттері қатысып, кампус аумағын тазартуға өз үлестерін қосты.
«Менеджмент» кафедрасының студенттері ерекше белсенділік танытып, ұйымдастыру жұмыстарына да атсалысты. Олар оқу корпустары мен жақын маңдағы аумақтарды қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Студенттер бұл шараның табиғатты қорғаудың маңызын түсінуге көмектескенін атап өтті.
Сенбілік жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен ортақ іске деген мақтаныш сезімін сыйлады. Университет ұжымы мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.
Басқа жаңалықтар