6B01703 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Г. Мүсірепов атындағы Жастар театрына барып, Дулат Исабековтің әйгілі «Әпке» пьесасын тамашалады.Farabi University

6B01703 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Г. Мүсірепов атындағы Жастар театрына барып, Дулат Исабековтің әйгілі «Әпке» пьесасын тамашалады.

12 қараша, 2025

2025 жылдың 12 қарашасында 6B01703 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері куратор-эдвайзер Қайратқызы Динараның жетекшілігімен Г. Мүсірепов атындағы Жастар театрына барып, Дулат Исабековтің әйгілі «Әпке» пьесасын тамашалады.

Бұл мәдени шара студенттер үшін ерекше әсерлі болды. Қойылым арқылы олар ұлттық драматургияның мазмұнын тереңірек түсініп, шығарманың көркемдік құндылығын сезініп, қазақстандық драматургтың шеберлігімен жақынырақ танысты. Актерлердің ойыны, сахналық безендірілуі және қойылымның эмоционалдық атмосферасы студенттерге зор әсер қалдырды.

Шара студенттердің мәдени көкжиегін кеңейтіп, эстетикалық талғамын дамытып, театр өнеріне деген қызығушылығын арттырды. Студенттер қойылымдағы өмірлік мәселелердің өзектілігін атап өтті.