Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының студенттері қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатыстыFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының студенттері қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

17 қараша, 2025

2025 жылғы 14 қарашада қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының студенттері куратор Байсалов А.Д. жетекшілігімен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты «Сапалы білім беру» (ТДМ 4) аясында Алматы қаласы прокуратурасы ұйымдастырған қалалық іс-шараға қатысты.

Алматы қаласы прокуратурасы мен Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы бірлесіп 2025 жылғы 14 қарашада Оқушылар сарайында қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті және халықты жұмыспен қамтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

Жәрмеңке барысында студенттер мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және Алматының ірі жұмыс берушілерінің өкілдерімен кездесіп, сұраныстағы құзыреттер, өзекті бос жұмыс орындары, тағылымдамалар бағдарламалары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Кафедра студенттерінің мұндай іс-шараларға қатысуы олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибелік органдармен ынтымақтастықты нығайтуға және қылмыстық құқық пен қоғамдық тәртіп саласындағы болашақ мамандарды даярлау деңгейін арттыруға ықпал етеді.