"ПАРАСАТ ДАМУ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық қор ашты.
Мұндағы мақсат – әлеуметтік әріптестік қағидаттары мен ережелерін іске асыру шеңберінде университет инфрақұрылымын дамыту үшін оқытушылар мен қызметкерлерге арналған көпқабатты тұрғын үй құрылысын салу.
Қаражат ҚР Азаматтық кодексінде және ҚР «Қайырымдылық туралы» Заңында көзделген ережелерге сәйкес, демеушілік пен қайырымдылық шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар аударған қаражат есебінен ағымдағы шотқа жинақталатын болады.
Университет түлектері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері бір мақсатқа жұмылып, өзара тиімді ынтымақтастықта нәтижелі жұмыс атқарады деп сенеміз.
«ForteBank» деректемелері:
«Парасат» ЖПҚ ҮЕҰ . Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
БИН 940340000693
ИИК KZ3896502F 0016141515 (есеп айырысу шоты)
Банк «ForteBank» АҚ филиалы. Алматы қ.
БИК IRTYKZKA
КБе 18
Мекен-жайы: аль-Фараби д-лы, 71 каб. 1304
Тел. 377-35-55; факс 377-35-25,
Төраға: Мекебаев Талгат Құмарғалиұлы