Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету

Нормативтік құжаттар: ҚР ҒЖБМ 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларымен реттеледі.

Өтініш беру тәртібі:

1. Өтініштерді 1-курс студенттері қағаз жүзінде, ал 2 - және одан жоғары курс студенттері «Универ» жүйесі арқылы тапсырады. Дәлелдемелік құжаттар қағаз түріндегі өтінішке (1-курс) қоса беріледі немесе PDF форматында Univer жүйесінде сканерлеп тіркеледі (жоғары курстар).
Студенттер «Univer» жүйесі арқылы өз бетінше береді, растайтын құжаттар қоса тіркейді.
2. Арнайы комиссия өтініштерді қарастырып, белгіленген кезектілік бойынша жатақханадан студентке орын бөлгеннен кейін студенттер «Univer» жүйесінде өз беттерінде тапсырыстарды басып шығарып, жатақханаға орналасады.
3. Жатақханадан орын алмаған студенттерге оқу жылы ішінде кезекте тұруы бойынша, орын босатылған кезде, жатақханадан орын бөлінеді.

Байланыс нөмірі: әлеуметтік жұмыс басқармасы,  8 727 377 33 33 (iшкі 11-39).