АВАКОВА РАУШАНГУЛ АМИРДИНОВНА

Раушангүл Амирдинқызы Авакова - филология ғылымының докторы, профессор 1963 жылы 24 сәуірде Алматы қаласында, қызметкер отбасында дүниеге келген. 
Раушангүл Амирдинқызы Авакова 300–ден аса ғылыми еңбектердің авторы, 2 PhD докторанттарын, 11 филология ғылымдарының кандидатын дайындады.
БІЛІМІ: Әл-Фараби (бұрынғы С.М.Киров) атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, қазақ тілі және әдебиеті бөлімі, Алматы қ-сы (1986);

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ, ДӘРЕЖЕСІ, ҚЫЗМЕТІ:
Филология ғылымының кандидаты (1991);
Филология ғылымының докторы (2003);
Тіл білімі мамандығы бойынша профессор (2004);
Мәскеу лингвистикалық университеті профессоры (2005-2007)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
1981-1986 жж. – Әл-Фараби (бұрынғы С.М.Киров) атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің студенті.
1986 ж. – «Ұйғыр тіліндегі етістікті фразеологизмдердің семантика-морфологиялық құрылымы» тақырыбына дипломдық жұмысын қорғап, үздік белгімен берілген диплом алды. Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Ә.Қайдаров.
1986-1988 жж. – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі  оқытушысы.
1988-1991 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жалпы тіл білімі кафедрасының күндізгі бөлімі аспиранты.
1991 ж. – 10.02.02 – языки народов СССР (ұйғыр тілі) мамандығы бойынша «Семантико-морфологическая характеристика глагольных фразеологизмов современного уйгурского языка» кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор, С.А.Аманжолов.
1991-1993 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы.
1993-2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, жалпы тіл білімі кафедрасының доценті.
2003 ж. – «Қазақ фразеологизмдерінің семантикасы» тақырыбында 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. Ғылыми кеңесшісі: филология ғылымдарының докторы, профессор А.С. Аманжолов.
2004 ж. – «Тіл білімі» мамандығы бойынша профессор атағы берілді.
2004 жылдан – 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы докторлық диссертациялық Кеңестің мүшесі.
2005-2007 жж. – Халықаралық жоғарғы оқу орындарының келісімі бойынша Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде «Қазақ тілі орталығының» жетекшісі, университет профессоры.
2007-2008 жж. – 10.02.06 – түркі тілдері мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы докторлық диссертациялық Кеңестің мүшесі.
2008-2013 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, түркітану кафедрасының меңгерушісі.
2013-2014 жж. – Халықаралық «Болашақ» стипендиясымен Висконсин-Мадисон (АҚШ) университетінде тағлымдамадан өтті.
2014-2020 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, түркітану кафедрасының профессоры.
2021 жылдан қазіргі күнге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі.

МАРАПАТТАРЫ:
1991-1993 ж. – Жас және дарынды ғалымдардың алғашқы стипендианты. «Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдары».
1997-1999 ж.– Сорос-Қазақстан қоры жобасының иегері.
1998-2001 ж.– ИНТАС гранты.
2007 ж.– «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының жеңімпазы.
2009 ж. – ҚР ҒА және БМ жариялаған талантты жас ғалымдар Мемлекеттік ғылыми степендиясының жеңімпазы.
2013 ж.– Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері.
2018 ж – «РФ ғылымы мен біліміне сіңірген еңбегі үшін» медалі.
2020 ж – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі.
2021 ж – Ерен Еңбегі үшін медалі.
2022 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Құрмет грамотасы».
2022 ж. – Жетекші ғалымдар үшін тағайындалған мемлекеттік степендиясының жеңімпазы.
Ғылыми жобалары
2008-2010 жж. «Lingvo» Ғылыми – зерттеу жобасы» (Ресей Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған).
2009-2011 жж. «Қазақ әдеби тілі және ұлттық менталитет: мәдени концепция» (ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған).
2012-2014 жж. ГФ14 «Түркі әлемінің тілдік бейнесі» (ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған).
2015-2017 жж. 3268/ГФ4 «Қазақ-үнді ойшылдар мұрасындағы рухани үндестік» (ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған).
2018-2020 жж. «Контактология: түркі мәдениетінің әлемдік өрекениетке әсері» (ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған).
2023-2026 жж ЖТН 19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» (ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған).

Ғылыми еңбектері: Фразеология теориясы (монография).– Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 290 б. Түркі филологиясына кіріспе (оқу құралы) – Алматы: Қазақ университеті, 2013. -331 б. Түркітануға кіріспе. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 330 б. Фразеосемантика (монография). – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 246 б. Контактология: түркі мәдениетінің әлемдік өркениетке ықпалы (монография) – Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 228 б.
Ғылыми қызметі: “Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы”,  “Жалпы тіл білімі”, “Тіл біліміне кіріспе”, “Тіл білімінің философиялық негіздері”, “Әлеуметтік лингвистика”, “Түркі филологиясына кіріспе”, “Тіл білімі теориясы”, “Түркі фразеологизмдердің семантикасы мен прагматикасы” т.б. пәндер бойынша лекциялық курстар оқып келеді. ҚР университетттері  филология факультеттерінің базалық лингвистикалық пәндеріне арналған типтік бағдарламалардың авторы.
 Ғылыми мақалалары  АҚШ, Венгрия, Испания, Түркия, Болгария, Ресей, Польша, Ұлыбритания басылымдары мен жоғары дәрежелі, халықаралық ғылыми-теориялық, конференцияларында талқыланып, ғылыми еңбек ретінде журналдар мен ғылыми жинақтарда ҚР БжҒМ Бақылау комитеті бекіткен басылымдарда республикалық семинар, форумдар мен дөңгелек үстелдер материалдары негізінде жарияланды.
Ғылыми бағыты: Жалпы тіл білімі және түркітану мәселелері, лингвистикалық мәдениеттану, этнолингвистика, қазақ және түркі тілдері фразеологиясы, лексикография теориясы, қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту және т.б. тіл білімінің көкейкесті мәселелерімен айналысады.