Креативті индустрия
ҚазҰУ әл-Фараби атындағы университет базасында креативті индустрияларды дамыту
Елімізде креативті индустрияларды қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге үлкен мән берілуде. Соңғы он жылдықта олар әлемдік экономиканың маңызды секторы болып, қоғамның әлеуметтік және мәдени қырларына айтарлықтай ықпал етуде.
Креативті индустриялар – бұл тек жұмыспен қамту тұрғысынан өсіп қана қоймай, басқа салалардың инновациялық мүмкіндіктеріне оң әсер ететін сектор.
Қазақстанда «креативті индустрия» түсінігі алғаш рет 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама – «Мәдени саясат тұжырымдамасы» мәтінінде енгізілді. Осылайша мәдени кеңістіктің жаңа моделін құру және мәдениет пен билік, мәдениет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл бағыты айқындалды.
Креативті индустриялар экономикалық өсудің және дамудың маңызды арнасы ретінде кеңінен танылды. Творчестволық индустриялар ғалымдар үшін де ерекше қызығушылық тудырады.
Бүгінгі таңда кез келген жаңа шығармашылық идея – бұл кәсіпкердің идеясы, әрі табысқа жету үшін өз ноу-хауыңды ойлап табу қажет.
Бұл жобалар түптің түбінде «құндылық» әкелуі тиіс – инновациялар («сәтті қолданылған идеялар»).
Креативті қабілеттерді дамыту, сондай-ақ «Шығармашылық–Бизнес–Ғылым» моделін қалыптастыру дағдыларын арттыру маңызды.
Физикалық кеңістіктерді құру (креативті индустриялық парктер, орталықтар, технопарктер, хабтар және т.б.).
Жоғары оқу орындарында мәдениет және экономика саласындағы білімдерге ие, осы индустрияны кәсіби дамытуға қабілетті креативті индустрия мамандарын, менеджерлері мен продюсерлерін даярлау қажет.
Ұлттық саясат контексінде ұлттық бірегейлікті сақтау; мемлекеттік тілді дамыту; этносаралық келісімді нығайту; жастар мәдениетінің оң дамуына байланысты креативті индустриялардың ең өзекті бағыттарын анықтау қажет.
Креативті индустрияларды табысты қалыптастыру қойылған міндеттерді нақты түсінуді, халықаралық тәжірибені зерделеуді және оны отандық мәдениет пен экономиканың жағдайына тиімді бейімдеуді талап етеді.
«Креативті индустриялар» тұжырымдамасы алғашқы көзқараста революциялық қоғамдық жаңалық болып көрінгенімен, шын мәнінде бұл мәдени саясат дамуының заңды кезеңі және қазіргі заманға тән әлеуметтік-мәдени өзгерістерді көрсетеді. Жаһандану дәуірі ақпараттың таралу қарқыны мен ауқымын жаңа деңгейге жеткізуде.
- Креативті индустриялар – интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне негізделген ерекше экономикалық сектор. Оның негізгі сипаттамалары:
жаңа технологиялар мен түрлі салалардағы ашылымдардың жоғары рөлі; - еңбектің жоғары креативті құрамы;
- бар білімнің үлкен көлемі және жаңа білімді өндіру қажеттілігі.
Креативті индустриялар тартымды инвестициялық климат қалыптастыруға, әлеуметтік келісімді арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға, білім беру саласын жаңғыртуға тиіс.
Бүгінде креативті индустриялар саласында сапалы серпіліс жасау үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру маңызды. Бұл – мемлекеттік деңгейдегі кешенді және жүйелі қолдауға, ғылыми-білім беру саласы, билік және бизнес өкілдері арасындағы тұрақты диалогқа байланысты. Мұның бәрі жас ұрпақтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы орта құрудың кепілі.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, креативті индустрияларды қалыптастыруда инновациялық технологиялық хабтар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы құрылған алаңдар шешуші рөл атқарады.
Креативті сыныпты қалыптастыруда шығармашылық және инновациялық ойлауды ынталандыратын білім беру басты рөлге ие.
2024 жылдың 29–30 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түркі дүниесінің кино және медиа факультеттері студенттеріне арналған Farabi Film Festival киножазы өтті.
Іс-шара халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен университеттің Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған кинофестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан және Түрікменстаннан келген студенттер, оқытушылар және кинематографистер қатысты.
Фестивальдің мақсаты – жас кинематографистерді қолдау, олардың осы саладағы кәсіби өсіп-жетілуіне жағдай жасау, студенттік шығармашылықты насихаттау, түркі халықтары арасындағы достықты дәріптеу, рухани әлемді байыту және жас буынның дүниетанымын кеңейту.
Ашылу рәсімінде қатысушылар мен қонақтарды Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор құттықтап, сөз сөйледі. «Бүгін – біз үшін ерекше күн. Өйткені біз алғаш рет түркі елдерінің студенттік кинофестивалінде тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз, – деп атап өтті ол. – Бұл маңызды және мәнді шара сөзсіз кинематография өнері бойынша студенттердің тәжірибе алмасуына, мәдени байланыстардың нығаюына ықпал етеді».
Сонымен қатар фестиваль қатысушыларын ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Юсуф Саед, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Омаров, режиссер Мұрат Есжан және басқа да өнер қайраткерлері құттықтады.


2024 жылдың 11 желтоқсанында «Қазақстан палеолитінің виртуалды музейі» жобасы іске қосылды.
Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы «Қазақстан палеолитінің виртуалды музейі» жобасы аясында университет құрамындағы палеолит музейінің виртуалды нұсқасын іске қосты.
Жоба авторлары – тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байконаков және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, PhD Жұлдыз Бекбауова.
Сонымен бірге жоба құрамында тарих, ақпараттық технологиялар, биология және биотехнология факультеттерінің студенттері жұмыс істеді. Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенттері Данияр Аронов, Арман Төлеген, Болат Тыныс айтарлықтай үлес қосты.
Жобаға сондай-ақ Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының жоба менеджері Эльвира Умбетжанова және «Археология, этнология және музеология» кафедрасының «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Жанар Баянова маңызды үлес қосты.
Қазақстан палеолитінің виртуалды музейі – оқу және зерттеу алаңы ғана емес, мәдени мұраны сақтау, инновация мен тарихты біріктіру ортасы болып табылады. Бұл жоба адамзат тарихының ерте кезеңдерін заманауи технологиялар арқылы жан-жақты танып-білуге мүмкіндік береді.
Қазақстан палеолитінің виртуалды музейінің виртуалды нұсқасы

