Мерейтойлық және еске алу даталары

2024

                                                                                

                                                      Фазылхан Баимбетов

                                                                                                                                             (1939 - 2011)

Академик Ф.Баимбетовтың ғылыми мектебінен түлеп ұшқан қазіргі таңда, әлемдік аренада плазма физикасының мәселелерімен айналысып жүрген 7 ғылым докторы және 50 жуық ғылым кандидаттары және философия докторлары қызмет істейді. Бұл мектептен ұшқан түлектердің ғылыми еңбектері жоғары рейтингті ғылыми басылымдарда АҚШ, Англия, Германия, Франция, Япония, Ресей Халықаралық мәртебелі ғылыми конференцияларда жарық көріп келеді.

Ерекше атап өтетін жағдай қазіргі уақытта кафедра АҚШ, Германия, Корея, Япония, Испания әртүрлі университеттері және ғылыми ұйымдарымен бірлесіп тығызы плазманың қасиетін теориялық зерттеу негізінде, бөлшектердің өзара әсерлесу моделін, компьютерік өңдеу жолымен зерттеп келеді.

ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Б. Баимбетов 1987 жылдан 2009 жылға дейін, 18 жыл кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.Оның көмегімен кафедрада плазма физикасын зертеуге және плазманың импульстык ағыны материалдармен әсерлесуін ғылыми жұмыстар басталған болатын. Баимбетов Ф.Б. басшылығымен жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарымен төрт докторлық диссертация қорғалды: Рамазанов Т.С. (1995 ж.), Джумамухамбетов Н.Г. (1997 ж.), Архипов Ю.В. (2003 ж.) және Ибраев Б.М. (2006). 2008 жылы Джумагулова Қ.Н. (ғылыми кеңесші прфессор Рамазанов Т.С) докторлық диссертациясы, ал 2010 жылы Давлетов А.Е., Жукешов А.М., докторлық диссертациялары қорғалды.

Одан бөлек 24 кандидаттық диссертация тығыз газ және плазма физикасы бойынша қорғалды. Әр жылы бітірушілерді ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту нәтижесінде, бүгінгі таңда кафедраның оқытушы профессорлық құрамы біршама ғылым докторы, ғылым кандидаты және PhD докторларымен толықтырылды (Джумагулова К.Н., Габдуллин Г.Л., Давлетов А.Е., Жукешов А.М., Коданова С.К., Габдуллин М.Т., Туреханова К.М., Габдуллина А.Т., Амренова А.У., Меирканова Г.М., Аскарулы А., Ташев Б.А.).

Фазылхан Баимбетович ұлы ғалым және педагогика саласының үздігі, отандық ғылымның және жоғарғы мектеп дамуына өз үлесін қосқан, әлемге плазма физикасының ғылыми мектебін таныстырып негізін қалаушы тұлға.

Академик Ф .Баимбетов басшылығымен кафедрада тығыз плазма физикасын зерттеп, плазма ағынының материалдармен өзара әсерлесуін зерттей бастады. Фазылхан Баимбетовичтың тікелей қатысумен қазіргі таңда плазма физикасы саласында жұмыс жасап жүрген жоғары квалификациялы оқытуышы-мамандар ұжымы құрылды. Бұл ұжымдағы профессорлар Рамазанов Т.С., Архипов Ю.В., Давлетов А.Е., Джумагулова К.Н., Жукешов А.М., доценты Коданова С.К., Габдуллина Г.Л., Туреханова К.М., Досболаев М.К., Габдуллина А.Т., Габдуллин М.Т., Амренова А.У., Аскарулы А.А., Таирова Н.Н. және т.б.

Республикада ғылымды дамытуға және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға қосқан зор үлесі және белсенді ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі үшін 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды, Мемлекеттік Құрмет грамотасымен марапатталды. Үш рет көрнекті ғалым атағы бойынша ғылыми стипендия және 2001 ж. ғылым бойынша ұсынылатын «Тарлан» сыйлығымен марапатталды.

https://egemen.kz/article/216018-qazaqty-alemge-tanytqan-ghalym

https://kazpravda.kz/n/nauchnaya-shkola-akademika-baimbetova/

https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/5109

«ГРАНИ ЛИЧНОСТИ» (Портретный документальный фильм о жизни и деятельности профессора Фазылхана Баимбетова)

https://youtu.be/DAJNFUPJcSw?si=7Vt3DeJ-HIH1OV63

https://www.youtube.com/watch?v=iYRtKhQjV5Y 

https://farabi.university/news/4095?lang=ru

Хабарландыру!

2024 жылғы 18-19 желтоқсанда Қазақ Ұлттық Университетінде академик Фазылхан Баимбетовты еске алуға арналған «Плазма физикасы мен технологияларындағы заманауи жетістіктер» 2-ші халықаралық конференциясы («The Second International Workshop «Recent Advances in Plasma Physics and Technologies») (RAPPT2) өтеді.