7M03102 Еңбек әлеуметтануы және HR басқару
Цель: Адам ресурстарын жедел және стратегиялық басқару жүйелерін әзірлеуге және жүзеге асыруға қабілетті теориялық және қолданбалы сипаттағы білімі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Адам ресурстарын жедел және стратегиялық басқару жүйелерін әзірлеуге және жүзеге асыруға қабілетті теориялық және қолданбалы сипаттағы білімі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
1. танымдық стратегияларды қалыптастыру үшін ғылыми-аналитикалық дүниетаным әдістерін қолдану;
2. заманауи, инновациялық және цифрлық білім беру технологияларын қолдану;
3. басқаруда стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау үшін ғылымның әртүрлі салаларында қолданылатын аналитикалық құралдарды бағалау;
4. кадрлық стратегияларды әзірлеу және басқарушының мінддетерін бағалау үшін статистикалық әдістерді пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды түсіндіру үшін социологиялық теорияларды синтездеу;
5. ұйымда қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау және болжау үшін социологиялық зерттеулердің дизайны мен әдістемесін әзірлеу;
6. қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыздандыру мен кадрлық саясат міндеттерін шешу бойынша корпоративті бағдарламаларды жобалау;
7. еңбек жанжалдарын шешу технологияларын пайдалана отырып, басқаруда стратегиялық шешімдерді әзірлеу;
8. қазіргі заманғы ұйымдағы адамдар мен топтардың мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып, адам ресурстарын басқару саласында заманауи және халықаралық технологияларды қолдану;
9. жаһандық және жергілікті деңгейде бизнесті жүргізудің принциптері мен әдістерін ескере отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын қалыптастыру;
10. ұйымның сыртқы және ішкі ортасының факторларын ескере отырып, қызметкерлерді мотивациялау және ынталандыру саясатын енгізу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ұйымдастырушылық мінез-құлық теориясы мен тәжірибесі-5 ECTS
- Ұйымдағы тұлға: құндылықтар, нұсқаулар, мінез-құлықтар-5 ECTS
- HR басқару – технологиялар және саясат-5 ECTS
- Адами ресурстарын дамыту негіздері: реттеу және құқық-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау-5 ECTS
- Әлеуметтанулық теориялар-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-4 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Әлеуметтанулық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ұйымдастыру мәдениетін және ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару-5 ECTS
- Адам ресурстары: қолданбалы стратегиялар, талдау және бағалау-5 ECTS
- Әлеуметтанулық зерттеулердегі статистика және болжам-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Қызметкерлер мен жанжалдарды басқару-5 ECTS
- Персоналдарды мотивациялау мен ынталандырудың қазіргі заманғы мәселелері-5 ECTS
- Бизнес ортадағы әлеуметтік процестерді басқару-5 ECTS
- Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі-5 ECTS
- Жаһандық деңгейдегі көшбасшылық-5 ECTS
- Еңбек қатынастары және ұжымдық келіссөздер-5 ECTS
- Еңбек саласындағы жаһандық саясат және әлеуметтік қамсыздандыру-5 ECTS
- Келіссөздер және дауларды балама шешу-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«7M03102 ЕҢБЕК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ЖӘНЕ HR БАСҚАРУ» ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ «7М03102 Еңбек әлеуметтануы және HR басқару» білім беру бағдарламасының түлектері әртүрлі қызмет салаларында: басқару, персоналды басқару, техникалық, ғылыми зерттеулер және оқытушылық қызмет (магистратура) бойынша кеңес беру қызметтерін жүзеге асыра алады. Осы білім беру бағдарламасының түлектері көбінесе ұжымдағы өзара әрекеттесу процестерін басқару, реттеу, болжау және жоспарлау мамандары ретінде; әлеуметтанушы-зерттеуші; ұйымда әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу жөніндегі маман және сарапшы; еңбек ресурстары жөніндегі менеджер; персоналды басқару жөніндегі әлеуметтанушы - талдаушы. ББ «7М03102 Еңбек әлеуметтануы және HR басқару»: 1. Университет, колледждерде оқытушы ретінде жүргізу; 2. Мемлекеттік басқару органдарының сараптамалық орталықтарда; 3. Маркетингтік және ғылыми-зерттеу орталықтары; 4. Персоналмен жұмыс жөніндегі ұйымдарда; 5. Статистика агенттігі және әртүрлі қалалардағы тиісті департаменттер; 6. Консалтинг және аудит саласында қызмет көрсететін компаниялардың халықаралық желісінде;
Байланыс
PhD, доцент м.а. Сарсенова Асел Бериковна, 87013248224
БББ бойынша құжаттар
23123123