Білім беру бағдарламасы
- Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарында мемлекеттік билік пен басқару саласы, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету.
- Түлектер теориялық және эксперименттік негізде, стратегиялық жоспарлаудың, мемлекеттік әкімшілік пен саяси менеджменттің жаңа жетістіктеріне, аралас ғылыми салаларға негізделген терең жүйелі білім алуы тиіс.
- Мемлекеттік қызмет пен басқару мәселелерін шешуге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және саяси коммуникацияларды дамытуға байланысты кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
- Мемлекеттік қызметтегі басқарудың, саяси талдау мен болжаудың қазіргі заманғы технологияларын меңгеруді қамтамасыз ету.
- Білім алушылардың бойында ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру, қазіргі заманғы мемлекеттік және қоғамдық мәселелердің жағдайын талдау, қорыту және сыни бағалау, болашақ кәсіби қызметтің бағытын саналы таңдау, таңдаған салада табысты жұмысқа орналасу қабілетін қалыптастыру.
- Түлектер терең теориялық және практикалық және бірегей нәтижені қамтамасыз ететін техникаларды талап ететін ғылыми жобаны орындауы тиіс.
- Бітірушілер Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің кез келген жетекші университетінде ғылыми дәреже алу үшін, ұлттық, өңірлік және жергілікті басқару және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білімді қолдануға негізделген мемлекеттік билік және басқару органдарында басқару функцияларын жүзеге асыру үшін оқуға дайындалуы тиіс.
1. мемлекеттік басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жай-күйін, жеке ғылыми зерттеулер саласын және кәсіптік практика саласын көрсететін проблемаларды, көзқарастар мен үрдістерді терең білуін көрсету;
2. зерттеулер мен талдаудың қазіргі әдістері жаңа білімді жасау және түсіндіру үшін қалай қолданылатынын түсінумен қатар, бар білімдерді оңтайлы қолдана алу;
3.мемлекеттік басқару және менеджмент саласындағы заманауи ғылыми мектептерді, ғылыми ізденістерді және теорияларды сыни бағалауға мүмкіндік беретін жүйелі түсінікке ие болу;
4. өзінің ғылыми зерттеулеріне қолданылатын әдістерді, тәсілдерді және техникаларды меңгеру, сыни талдау және алынған нәтижелерді түсіндіру, жаңа гипотезалар ұсыну;
5.күрделі қоғамдық-саяси проблемаларды шешуде жүйелі және креативті тәсілді көрсету, толық деректер болмаған жағдайда негізделген қорытынды жасау және өз қорытындыларын мамандар үшін де, кәсіби емес аудитория үшін де баяндау;
6.мемлекеттік билік органдары мен қоғамдық ұйымдардағы басқару процестерін бағалау, міндеттерді кәсіби деңгейде өз бетінше жоспарлау және шешу; өздігінен білім алуға және мансаптық өсуге дайын болу;
7.жаңа және бейтаныс мәнмәтіндерде қазіргі халықаралық қатынастар дискурсында мемлекеттік бағдарламаларды басқару және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ғылыми негізделген технологиялық шешімдер табу;
8.саяси сараптамаларды, саяси диагностиканы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық секторлардың дамуындағы дағдарыстар мен қауіп-қатерлерге дербес болжам жасау;
9. стратегиялық және тактикалық сипаттағы мемлекеттік бағдарламаларды, тәуекелдерді басқару және дағдарысқа қарсы даму жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, PR-технологияларды тиімді пайдалану;
10.мемлекеттік шешімдер қабылдау және әлеуметтік-саяси жағдайларды талдау үшін деректер базасын құру, оларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
11. консалтингтік қызметтер көрсету және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және қоғамдық-саяси үдерістің басқа да акторларының қызметінде талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
12. жоғары мектепте білім беру қызметін жүзеге асыру, әлеуметтік-саяси пәндерді оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жоғары оқу орындарында мемлекеттік билік пен басқару саласы, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз ету.
Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистранттардың кәсіби қызметінің салалары келесілер:
- аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдары (ҚР Президентінің Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, министрліктер мен ведомстволар және олардың құрылымдары, мәслихаттар, әкімдіктер);
- саяси партиялар, қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар;
- қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, маркетингтік және сараптамалық қызметтер мен қорлар;
-ғылыми-зерттеу институттары мен сараптамалық орталықтар;
- сайлау науқандарын ұйымдастырумен, саяси кеңес беру және болжаумен айналысатын агенттіктер, ақпараттық және PR агенттіктері, бұқаралық ақпарат құралдары;
- жоғары, орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі мекемелер.
Түлектер келесідей лауазымды иелене алады:
- мемлекеттік қызметкер;
- саяси маркетолог;
- саяси талдаушы;
- сарапшы;
- имиджмейкер;
- саяси технолог;
- саяси кеңесші;
- саяси менеджер;
- жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы.
Байланыс
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
8 (727) 3773333 (вн.1756)
e-mail: politology.kaznu@mail.ru