Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама медиа кеңістігі мен жарнаманы жобалаудың заманауи технологияларын жетік білетін, шығармашылық жобаларды басқара алатын, сыни дизайнерлік ойлауға, ғылыми, педагогикалық және зерттеу құзыреттіліктеріне ие дизайнерлік маман даярлауға бағытталған
Осы оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистранттар:
1. қиылысында кәсіби қызметті жүзеге асыру; дизайнды экономика, психология, әлеуметтану, философия және т. б. әсерінен тарихи қалыптасқан қызметтің дүниетанымдық және шығармашылық әдісі ретінде талдау,
2.дизайн саласында қаріптік композициялардың мүмкіндіктерін кәсіби пайдалану: ақпараттық, компьютерлік және өзге де дизайн-технологияларды ескере отырып, дизайнерлік өнімнің мақсатына, жанрына және стиліне байланысты типография туралы білімді қолдану;
3. дизайн объектісінің модельдерін сапалы жетілдіру мақсатында жаңа әдіснамалық тәсілдер контекстінде дизайн тарихы мен теориясының негізгі кезеңдерін негіздеу және талдау;
4. дизайнның әртүрлі ғылыми-тұжырымдамалық теорияларын тұжырымдау және заманауи ғылыми әзірлемелерге сәйкес дизайнерлік шешімдердің инновациялық нәтижелерін сыни бағалау;
5. графикалық дизайнның ғылыми мәселелеріне зерттеу жүргізу және зерттеу нәтижелерін пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне, авторлық курстар бағдарламаларына және практикалық педагогикалық қызметке енгізу;
6. ақпаратты іздеуді жүзеге асыру, визуалды коммуникация кеңістігінде дизайнерлік мәтін мен жарнамалық өнімнің, полиграфиялық дизайнның (макеттің графикалық ресімделуі) перспективалы бағыттарын анықтау;
7. әлеуметтік салада психология мен дизайн әдіснамасының негізгі әдістерін қолдану; жалпы психология, түс пен кеңістікті қабылдау психологиясы, дизайн менеджменті және дизайн маркетингі саласындағы дизайн жетістіктерін көрсету;
8. ғылыми зерттеулерді, жеке шығармашылық қызметті, авторлық құқықтарды қорғауды ұйымдастыру мен жоспарлауда дизайнерлік жобалау жұмысының тарихы мен әдіснамасын, техникасы мен негізгі тәсілдерін пайдалану;
9. кәсіби қызметке енгізу мақсатында қоғамның көрнекі тілі ретінде дизайнды дамытудағы түпнұсқа көркемдік идеялар мен бейнелерді, стиль қалыптастыратын факторларды, құралдарды, заманауи трендтерді анықтау және бағалау;
10. кітап және медиа дизайндағы, жарнамалық коммуникациядағы, қаріп өнеріндегі креативті дизайн принциптерін әзірлеу; дизайн мен коммуникацияның әртүрлі салаларында алынған нәтижелерді генерациялау;
11. имидж-дизайнның инновациялық технологияларын өз бетінше әзірлеу; этика және іскерлік қарым-қатынас, халықаралық ынтымақтастық саласындағы дизайнның мүмкіндіктерін анықтау;
12. дизайн-жарнама және БАҚ-та көрнекі коммуникация өнімдерін жасау: халықаралық дизайн бизнесін басқару процестерін жүзеге асыру үшін дизайн-менеджменттің әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Түлектер университеттік баспаларда, баспа үйлерінде, тиісті бейіндегі жоғары оқу орындарында, кәсіпорындардың баспа ұйымдарында, БАҚ-та: газеттерде, журналдарда, радиода, теледидарда, әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың PR-бөлімдерінде және баспасөз қызметтерінде, Электрондық басылымдарда жұмыс істей алады.
Байланыс
Наурызбаева Айнаш Сагатовна 8-701-766-16-53
Батырханова Жазира Алимкуловна 8-778-103-59-98