6B02201 Философия
Мақсат : Философиялық білімнің белгілі бір саласында мамандану мүмкіндігі бар, кәсіби қызметте классикалық және қазіргі заманғы философия мен әдіснама саласындағы базалық білімді еркін түсіндіруге, шығармашылықпен пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және т.б. ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің (қорлар, орталықтар және т.б.) философия салаларында ғылыми-зерттеу, инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік қызметті жүргізуге қабілетті гуманитарлық білімнің «бакалавры» академиялық дәрежесін беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Сипаттама
«Философия» бакалавриатының білім беру бағдарламасы ғылым, білім, мемлекеттік басқару және қоғамдық ұйымдар салаларындағы дүниетанымдық, әлеуметтік және құндылықтық мәселелерді талдауға қабілетті, сыни ойлауы дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында БББ миссиясы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырумен тығыз байланысты және болашақ бакалаврлардың философиялық ойлауын, зерттеушілік дағдыларын, әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби-этикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағдарланған.
Негізгі ТДМ-ды бағдарлама мазмұнына кіріктіру оның мынадай стратегиялық басымдықтарын айқындайды:
- 4-мақсат: Сапалы білім беру. Сыни ойлау, философиялық талдау, этикалық пайымдау және өмір бойы білім алу дағдыларын дамыту.
- 5-мақсат: Гендерлік теңдік. Гендерлік теңдік, адам құқықтары және әлеуметтік әділеттілік мәселелерін философиялық тұрғыдан зерттеу.
- 10-мақсат: Теңсіздікті азайту. Әлеуметтік теңсіздік, әділеттілік және тең мүмкіндіктер мәселелерін философиялық тұрғыдан талдау. Бағдарлама университеттің «Жаһандық теңсіздік» басым ғылыми-зерттеу бағытымен тікелей байланысты.
- 12-мақсат: Жауапты тұтыну және өндіріс. Экологиялық этика, тұтыну мәдениеті және адамның табиғат алдындағы жауапкершілігінің философиялық негіздерін зерттеу.
- 16-мақсат: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар. Құқық философиясы, саяси этика, адам құқықтары, толеранттылық және қоғамдық келісім мәселелерін қарастыру.
Білім беру бағдарламасы
Философиялық білімнің белгілі бір саласында мамандану мүмкіндігі бар, кәсіби қызметте классикалық және қазіргі заманғы философия мен әдіснама саласындағы базалық білімді еркін түсіндіруге, шығармашылықпен пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер және т.б. ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің (қорлар, орталықтар және т.б.) философия салаларында ғылыми-зерттеу, инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік қызметті жүргізуге қабілетті гуманитарлық білімнің «бакалавры» академиялық дәрежесін беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
1.Логика, онтология және таным теориясы, әлеуметтік философия, шетелдік және отандық философия тарихы, этика, эстетика, философиялық антропология саласындағы базалық білімді кәсіби қызметте тұрғыдан пайдалану
2.Қазіргі философия әдіснамасы тұрғысынан әлеуметтік-мәдени үдерістер мен құбылыстарды ғылыми және күнделікті дүниенің бейнесі ретінде сипаттау
3.Философияның пәні мен оның адамзат мәдениеті тарихындағы рөлін рухани өмірдің өзге формаларымен (дін, ғылым, өнер және т.б.) салғастырып анықтау
4.Табиғатпен қоғамның дамуын және қазіргі заманғы қоғамның рухани өмірін және әлеуметтік үрдістерді философиялық түсініктер негізінде бағалау
5.Әлеуметтік-мәдени және тарихи фактілерді философияның метатілімен интерпретациялау
6.Қазіргі қоғам дамуының өзекті мәселелерін талдау және нәтижелерін ғылыми мақалалар форматында және қосымша ғылыми жанрларда (шолулар, аннотациялар, библиографиялық көрсеткіштер және т.б.) ұсыну
7.Кітапхана қорлары, ақпараттық қамтамасыз етудің компьютерлік жүйелері, мерзімді баспасөз арқылы ақпаратты іздеуді жүзеге асыра отырып, өндірістік міндеттерді тұжырымдау және мәтіндік ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу
8.Қазіргі әлемдегі адам мәселелерін, әлемдік және қазақстандық мәдениеттің құндылықтарын білу және түсіну негізінде мәдениетаралық диалог құру
9.Ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары, сондай-ақ ғылыми коммуникация саясатын іске асыру аясында өзінің кәсіби қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыру
10.Дербестігі жоғары жүйелі әлеуметтік талдау қағидалары негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
11.Логикалық ойлау, дәлелдеу теориясы мен практикасы қағидалары негізінде ғылыми нәтижелер жүйесін негіздеу және оларды ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа таныстыру, ғылыми пікірталастарда қорғау
12.Логикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, ғылыми мәтіндермен және олардағы мағыналық құрылымдармен жұмыс істей білуге негізделген философия саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру және кәсіби қызметте ғылыми-әдістемелік және оқу-тәрбие жұмысының негізгі қағидаларын қолдану
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік(grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек(ақылы оқуға)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі — 5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі — 5 ECTS
- Дене шынықтыру — 2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман — 5 ECTS
- Абай ілімі — 5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері — 5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері — 5 ECTS
- Экология және тұрақты даму — 5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе — 5 ECTS
- Кәсіпкерлік — 5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері — 5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері — 5 ECTS
- Ежелгі шығыс философиясының тарихы — 6 ECTS
- Логика — 5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі — 5 ECTS
- Дене шынықтыру — 2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі — 5 ECTS
- Әлеуметтану — 2 ECTS
- Психология — 2 ECTS
- Мәдениеттану — 2 ECTS
- Саясаттану — 2 ECTS
- Қазақстан тарихы — 5 ECTS
- Антик философиясының тарихы — 5 ECTS
- Оқу — 2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия — 5 ECTS
- Дене шынықтыру — 2 ECTS
- Латын тілі: негізі философиялық терминология — 5 ECTS
- Риторика — 5 ECTS
- Түркі философиясы — 5 ECTS
- Еуропа ортағасыр философиясы — 5 ECTS
- Ислам философиясы: дәстүрі және қазіргі заман — 5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Дене шынықтыру — 2 ECTS
- Қазақ философиясы — 5 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар — 5 ECTS
- Онтология және метафизика — 6 ECTS
- Ренессанс және Жаңа заман философиясы — 6 ECTS
- Өндірістік — 4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Сыни ойлау — 5 ECTS
- Араб тілі 1 — 5 ECTS
- Экзистенциализм — 5 ECTS
- Феноменология — 5 ECTS
- Медиа және қоғам — 5 ECTS
- Қазіргі заманғы қоғам философиясы — 5 ECTS
- Неміс классикалық философиясы — 5 ECTS
- Эпистемология — 5 ECTS
- Араб тілі 2 — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Түрік тілі — 5 ECTS
- Абай және Шәкәрім — 5 ECTS
- Сана философиясы — 5 ECTS
- Бизнес философиясы — 5 ECTS
- ХIХ ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың бірінші жартысы философиясы — 5 ECTS
- Адам және қоғам философиясы — 6 ECTS
- Музыка және театр философиясы — 5 ECTS
- Марксизм философиясы және қазіргі заман — 5 ECTS
- Философиялық емес формадағы философия — 5 ECTS
- Өндірістік — 4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- ХХ – ХХI ғасырлар философиясы — 6 ECTS
- Этика — 5 ECTS
- Орыс философиясының тарихы — 5 ECTS
- Эстетика — 5 ECTS
- Постмодернизм — 5 ECTS
- Классикалық емес логика — 5 ECTS
- Тіл философиясы — 5 ECTS
- Уақыт философиясы — 5 ECTS
- Философиялық компаративистика — 5 ECTS
- Классикалық білім берудің философиялық негіздері — 5 ECTS
- Дін философиясы — 5 ECTS
- Тарих философиясы және саясат философиясы — 5 ECTS
- Мәдениет философиясы — 5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау — 8 ECTS
- Өндірістік — 8 ECTS
- Дипломалды — 8 ECTS
Жұмысқа орналасу
«Философия» білім беру бағдарламасы бойынша бағытталған бакалавр кәсіби қызметтің келсі түрлеріне дайындалуда:
- академиялық және ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер;
- жалпы білім беру орындары мен орта және орта-мамандандырылған кәсіби білім беру орындарында философия пәнінің оқытушысы;
- бұқаралық ақпарат құралдарын, мұражайлар мен кітапханаларды, мемлекеттік билік органдарын, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдарды редакциялау сарапшысы, аналитик;
- ғылыми-білім беру мен әлеуметтік қорларда маман.
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:
1. Әртүрлі мекемелердегі ғылыми-зерттеу орталықтары (фондтар, орталықтар)
2. Орташа жән арнайы орташа білім беру мекемелері
3. Кәсіби-техникалық білім беру мекемелері
4. Қосымша білім беру мекемелері
5. Кәсіби және өзге де қоғамдық бірлестіктер
6. Ақпараттық агенттіктер
7. Мемлекеттік мекемелер (әкімшілік, министрліктер мен ұйымдар және т.б.
Оқу бағадарламасы төмендегідей кәсіби қызмет пен жұмыспен қамтылу үшін өзекті: Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар салаларында зерттеу және тәжірибелер жасау;
1. Негізгі және жалпы орта білім, кәсіби-техникалық білім, орта әлеуметтік білім, сонымен бірге басқа категорияларға енбеген білімнің өзге де түрлері;
2. Кәсіби ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметі,
3. ақпараттық агенттіктердің қызметі.
Ғылыми-зерттеу институттары және орта және кәсіби білім беру ұйымдары, қоғамдық және мәдени орталықтар, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары да философия саласының мамандарына мұқтаж екендерін көрсетуде. Философия мамандығының білім беру бағдарламасының әлеуметтік өзектілігі еркін оқуға бағытталуынан, рефлексивті ойлауынан, насихаттың, фанатизмнің, құқық теңсіздігі мен шыдамсыздықтың әртүрлі формаларына қарсы тұру қабілетінен анықталады.
Байланыс
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ, ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
Масаншы көшесі, 39/47, 4 OК, №413 кабинет
Байланыс телефондары: + (727) 377 33 33 (2129)
Е-mail: kuranbek.aset@edu.kaznu.kz