Білім беру бағдарламасы
Медиа индустрия, бұқаралық коммуникация салаларына төмендегідей істерді атқара алатын кәсіби кадрларды сапалы даярлау:
- ғылыми, мәдени, әлеуметтік, педагогикалық, шығармашылық, жарнама, медиа жобаларын әзірлеуге;
- медианың, бұқаралық коммуникацияның және Қазақстан қоғамының даму проблемаларын шешуге арналған ғылыми нәтижелерді елде және шетелде жобалау және көрсетуге;
- «Цифрлық Қазақстан», «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының негізінде, Қазақстан қоғамының рухани жаңғыруы аясында (түрлі ұйымдар, коммерциялық компаниялар, мемлекеттік құрылымдар, білім беру саласы, шеке бизнес сектор үшін) түрлі мақсаттағы коммуникация стратегияларын әзірлеуге және коммуникацияның алуан түрлерін жасауға қабілетті сапалы, жоғары білікті кадрларды даярлау.
По завершении данной образовательной программы ожидается, что докторанты будут способны:
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін докторанттар:
1. цифрлық технологиялар, цифрлық медиа тенденцияларын жасау;
2. қазіргі коммуникативистика концепциялары мен бағыттарын теорияландыру;
3. зерттеушілік көзқарастарын әлем ғылымында қолданылатын коммуникацияны зерттеуге қолдану;
4. медиа өкілдер және коммуникация индустриясының қолданбалы міндеттерін шешу үшін идеялар ұсыну;
5. бұқаралық коммуникацияны зерттеушілердің коммуникациялық концепцияларын жіктеу; медиа концепциялары мен коммуникациялық бағдарламаларды әзірлеу;
6. коммуникациялық, желілік, мобильдік, электронды, баспа зерттеу әдістерінің қоғамның түрлі салаларының дамуына ықпалының нәтижелілігін болжау;
7. коммуникациялық жобалардағы деректерді талдау; өз гипотезаларын ұсыну, өзекті міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеу немесе жобаның жоспарын жасау; медиа және аудиториялық жоспарлау жүргізу;
8. коммуникациялық міндеттерді шешу, инвестициялар тарту бойынша коммуникациялық кампанияларды жүргізу, мақсатты инвесторлық аудиторияға қарай ұтымды медиа тасымалдаушыларды талдау;
9. инвестициялық аудиториямен жұмыс істеу үшін медиаарналардың мүмкіндіктері мен шектеулерін қарастыру, инвестициялық аудиториямен қарым-қатынас кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды болжау;
10. коммуникология, медиология саласында, коммуникативистикада коммуникацияның алуан түрлерін іс жүзінде қолдану үшін жаңа идеяларды, концепцияларды жобалау, ұсыну.
11. коммерциялық емес сектордағы коммуникациялық стратегияларды әзірдеу; коммерциялық емес сектордағы жобаларды ілгерілету эксперименттерін жүргізу;
12. жаңа мультимедиалық коммуникациялық стратегияларды әзірлеу, медиа саласындағы кешенді зерттеулерді іске асыру қабілеттеріне ие болады.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Коммуникациялық зерттеу әдістері-5 ECTS
- Қазақстанның медиа жүйесі-5 ECTS
- Интеграциялық коммуникациялар және медиа-5 ECTS
- Цифрлық медиа және қоғам-5 ECTS
- Виртуалды коғам және жасанды интеллект-5 ECTS
- Жаһандық коммуникация-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау-12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
Жұмысқа орналастыру
1. Медиа зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу, мемлекеттік және жеке ұйымдар.
2. Қазақстанның журналистика, медиакоммуникация бөлімдері, факультеттері, департаменттері, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындары.
3. Қазақстанның ірі медиа холдингтері: "Хабар"," НҰР-Медиа", "Өңір Медиа" және т. б.
4. Қазақстанның ақпараттық агенттіктері: ҚазАқпарат, ҚазТАГ, Интерньюс-Қазақстан, Қазақстан Today, Tengry News және т. б.
5. Қазақстан Республикасы Журналистер одағы;
6. "Әділ жол" сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры;
7. "Бас редакторлар клубы" ҚБ;
8. Еліміздің 58 телерадиокомпаниясын біріктіретін Қазақстанның ұлттық телерадио хабарларын тарату қауымдастығы (ҰАТ);
9. Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі. Тәуелсіз БАҚ-қа қолдау көрсету.
10. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы.
Білім беру бағдарламасы Жұмыспен қамтудың келесі салалары үшін өзекті болып табылады: коммерциялық және қоғамдық бағыттағы медиа-коммуникациялық, зерттеу құрылымдары, қоғам өмірінің барлық салалары, қоғамның экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және әлеуметтік өмір процестері, мемлекеттің қызметі мен даму проблемалары және т.б. мәселелер.
Байланыс
Профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі
тел.: +77272211492, моб.: +77073777049
e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123