Білім беру бағдарламасы
органикалық химия үрдістерін жетілдіру және тұтас өнімдердің аралас өндірісі, заманауи технологиялар үшін қажетті теориялық білім және кәсіби құзыреттілікке ие мамандар дайындау
Білім бағдарламасын іске асыру бакалаврда келесідей қабілеттіліктердің қалыптасуына бағытталған:
- химияның іргелі бөлімдерінің теориясы мен жалпы заңдылықтар, сондай-ақ органикалық заттар мен материалдарды жасаудағы жүзеге асырылып, апробацияланған технологиялар негізіндегі кәсіби мәселелерді шешу;
- кәсіби қызметте әр түрлі ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану;
- кәсіби міндеттерді шешудің оптимальді жолдарын іздестіру мақсатында ұжымда тиімді жұмыс жасау.
1. Органикалық заттардың құрылысы мен химиялық қасиеттері, молекула құрылысы, химиялық байланыс түрлері, химияның іргелі бөлімдері мен заңдылықтары, негізгі принциптеріне сүйеніп химиялық реакцияның жүру жүру жағдайы мен жүйенің құрамы арасындағы өзара байланысты анықтау,
2. Органикалық заттар мен материалдар өндірісі үшін техникалық және жобалық-құрастырушы құжаттарды, химиялық-технологиялық үрдістердегі инженерлік есептеу құжаттарын меңгергендігін көрсете білу;
3. Технологиялық сатыларды жетілдіру мақсатында тұтас органикалық өнімдер мен шикізаттарды талдау, бақылауда қоланылатын химиялық және химия-технологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу;
4. Кәсіби міндеттер қойылған жағдайдағы құрамы, молекула құрылысы, жүйе құрамы белгілі органикалық заттарды алудың оптимальді тәсілдерін таңдау;
5. Органикалық заттар мен материалдар өндірісі үшін қондырғылар мен химиялық-технологиялық үрдістерді моделдеу және инженерлік есептеулер жүргізу;
6. Органикалық заттар мен материалдар өндірісі бойынша мекеменің техникалық, технологиялық және жобалалық құрастырушы құжаттарын талдау;
7. Шикізат пен тұтас органикалық өнімді бақылау және талдау үшін химиялық және химиялық-технологялық үрдістерді зерттеу әдістерін қолдану;
8. Кәсіби міндеттер қойылған жағдайдағы тұтас органикалық өнімнің сапасы мен эффективтілігін арттыру үшін технологиялық үрдістерді модификациялау;
9. Кәсіби міндеттер қойылған жағдайдағы құрамы, молекула құрылысы, жүйе құрамы белгілі органикалық заттар мен материалдарды алу;
10. Өндірістегі шикізат, аралық өнім және дайын өнімдердің сапасын бақылау және талдауды ұйымдастыру;
11. Органикалық заттар мен материалдар өндірісінің жеке сатыларын жетілдірудің технологиялық шешімдерін ұсыну.
12. Маман ретінде, маман болмаған жағдайда да химик-технологтың кәсіби қызметіне байланысты мәселелерді, ойларды және ақпаратты хабарлау.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
"Органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасының түлектері органикалық заттарды өндіретін, мұнайды, газды, көмірді және полимерлерді, эластомерлерді, сыр-бояу материалдарын, қатты және сұйық ракета отындарын қайта өңдеу кәсіпорындарында, көмірсутек шикізатын дайындау, өндіру және тасымалдау және оларды тау-кен өнеркәсібінде ұтымды пайдалануда химик-технолог және инженер-технолог болып; органикалық заттар мен материалдарды физика-химиялық бақылау аймағындағы ғылыми-зерттеу институттары мен химиялық зертханаларда ғылыми қызметкері болып; кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік орталықтарының және жобалау-өнеркәсіп институттарының қызметкерлері болып жұмыс істей алады.
Түлектердің кәсіптік қызметінің сабақтас түрлері: медико-биологиялық іс; өсімдіктерді химиялық қорғау; тамақ өнеркәсібі; парфюмерия өнеркәсібі; фармацевтикалық өнеркәсіп болып табылады.
Білім беру бағдарламасы жұмыспен қамтудың келесі бағыттарына сәйкес келеді:
1. Химия өнеркәсібі
2. Мұнай өңдеу өнеркәсібі
3. Фармацевтика өнеркәсібі
4. Жоғары оқу орындары
5. Ғылыми-зерттеу институттары мен бөлімшелері.
6B07104- "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлек "Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар", "Химия", «Химиялық инженерия», "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы", "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға түсе алады. Түлектердің жұмысқа орналасу пайызы 85% құрайды.
Байланыс
Елибаева Назым Сайдильдаевна, e-mail: nazym.elybaeva@kaznu.edu.kz, tel. +77786766282
БББ бойынша құжаттар
23123123