8D02206 Тарих
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты: ақпарат құралдарын критикалық қабылдау мен бағалау дағдылары бар, дүниежүзі және отандық тарихтың өзекті мәселелері бойынша логикалық ой құрап, еркін ойын білдіріп, дәлелдер арқылы өз тұжырымдарын негіздей алатын, тарих және пәнаралық зерттеулер бойынша методологияны меңгерген және ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көрсете білетін, көшбасшы қабілеті бар жоғары квалификациялы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету (отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандарды) болып табылады.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: ақпарат құралдарын критикалық қабылдау мен бағалау дағдылары бар, дүниежүзі және отандық тарихтың өзекті мәселелері бойынша логикалық ой құрап, еркін ойын білдіріп, дәлелдер арқылы өз тұжырымдарын негіздей алатын, тарих және пәнаралық зерттеулер бойынша методологияны меңгерген және ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көрсете білетін, көшбасшы қабілеті бар жоғары квалификациялы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету (отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандарды) болып табылады.
ON1 Жаһандық тенденциялар мен жоғары білімнің стандарттарына бағытталған педагогикалық қызметті жүзеге асырып, білімнің жаңа аспектілерін меңгеру, сол сияқты, отандық және дүниежүзі тарих бойынша жаңа білімдерді генерация жасай алады;
ON2 Жаңа технологияларды қолдану арқылы дүниежүзі және отан тарихы мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жасау нәтижесінде ұсыныстар жасау;
ON 3 мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жаңа ақпараттық технологияларды есепке ала отырып мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асыру;
ON4 отандық тарих мәселелері бойынша жаңа бағыттарды жасап, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру;
ON5 заманауи ағымдағы мәселелер пен процестерді талдау жасап, тарих ғылымы мен гуманитарлы ғылымдар методтарын әр түрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру;
ON6, Өзіндік оригиналды тұрғы тарапынан тарих ғылымы саласындағы ғылыми мәселелер бойынша жаңа және күрделі мақсаттарды құрау;
ON7 Ғылыми және ақпараттық өнімді коммерциялық негізде жүзеге асыру мақсатында отандық және шетелдік қорлармен, ғылыми мекемелермен бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
ON8 мемлекеттік және жергілікті басқару орындарының шешімдері үшін әлеуметтік-саяси салада ғылыми-негізделген ұсыныстар құрау;
ON9 заманауи әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып білім беру мен ғылым саласында басқару қызметін жүзеге асыру;
ON 10 тарих ғылымының басымдыққа ие дамыған бағыттары бағытында әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бойынша аналитикалық шолу даярлау;
ON11 ғылыми зерттеулерде пәнаралық тұрғыларды қолдану: антропология, саясаттану, әлеуметтану, экономика, психология.
ON12 өзіндік кәсіби қалыптасуда және білім беру жүйесі мен ғылымда алынған зерттеу нәтижелерінің маңыздылығын бағалау;
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Миграциялық процестердің ортағасырлық Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының этномәдени интеграциясына әсері-5 ECTS
- Тарихи процесс динамикасы және тарихтың модельдері-5 ECTS
- Қазақ ділі (менталитеті) тарихи психология контексінде-5 ECTS
- "Case Study" тарихи әдіс ретінде-5 ECTS
- Көшпелілерде мемлекеттіліктің қалыптасуының теориялық мәселелері-5 ECTS
- Тарихи жады және саясат-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау-12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарламасы докторанттарға өздерінің кәсибилігін арттырып, «философия докторы (Ph.D)» дәрежесін алатын диссертация даярлауға, дүниежүзі және отан тарихы саласында сәтті зерттеу, экспертті-аналитикалық және ағартушылық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. 8D022−Тарих мамандығы бойынша – мамандарды даярлау келесідей кәсіби қызметтер бағытында жүргізіледі: - ғылыми-зерттеу; - кәсіби қызмет; - басқарушылық қызмет; -ғылыми және білім беру мекемелерінде басқарушылық қызмет; - оқытушылық қызмет; -эксперт-аналитикалық қызмет; -ағартушылық қызмет 8D022−Тарих мамандығы бойынша келесідей кәсіби қызметтер: -Оқытушы; -Ғылыми қызметкер; -Тарихшы; -Эксперт; -Аналитик; -Мемлекетті қызметкер «8D022−Тарих» бағдарламасы түлектері әртүрлі әлеуметтік институттар қызметінде өте қажет болып табылады: ғылым, білім беру,билік органдары, басқару, саясат,партиялар, бірлестіктер, фирмалар мен корпорациялар, кәсіподақтар. Мемлекетте білім беру, мәдени, демографиялық, тарихи, әлеуметтік, отбасылық және гендерлік саясатта. 8D022− Тарих мамандығы бойынша философия докторлары (PhD) үшін негізгі әлеуетті жұмыс берушілер 1.Халықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО, ТЮРКСОЙ, ЮНИФЕМ, МОМ, МОТ және т.б..); 2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты; 3. ҚР БҒМ Р. Б. Сулейменов атындағы шығыстану институты 4.ҚР БҒМ, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 5. ҚР БҒМ Ә. Марғұлан атындағы археология институты 6. ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағаты 7. ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы 7. ҚР білім және ғылым Министрлігі 8.Сыртқы істер Министрлігі 8. ҚР Ұлттық мұражайы 9. ҚР Президент мұрағаты 10. ҚР Ұлттық мұрағаты 11. ЖОО 12. Масс-медиа және мәдениет салалары 13. ҚР мемлекеттік атқару органдары
Байланыс
Қазақстан тарихы кафедрасы. ГУК 3; 4 этаж; 413 кабинет. 8 (727) 377-33-33; 1286. eleysizzhuldyz@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123