8D02206 Тарих
Мақсат : Білім беру бағдарламасының мақсаты: ақпарат құралдарын критикалық қабылдау мен бағалау дағдылары бар, дүниежүзі және отандық тарихтың өзекті мәселелері бойынша логикалық ой құрап, еркін ойын білдіріп, дәлелдер арқылы өз тұжырымдарын негіздей алатын, тарих және пәнаралық зерттеулер бойынша методологияны меңгерген және ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көрсете білетін, көшбасшы қабілеті бар жоғары квалификациялы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету (отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандарды) болып табылады.
Сипаттама
«8D02206 – Тарих» білім беру бағдарламасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4, 10 және 16) аясында жүзеге асырылады. Бағдарлама өз бетінше тарихи зерттеулер жүргізуге, заманауи әдіснамалық және пәнаралық тәсілдерді қолдануға, тарихи үдерістерді талдауға және қоғамның дамуы туралы ғылыми негізделген түсініктер қалыптастыруға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Бағдарлама философия докторларын (PhD) келесі негізгі бағыттар арқылы даярлауға бағытталған:
Сапалы білім беруді және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту (ТДМ 4): «Академиялық жазу» және «Ғылыми зерттеу әдістері» пәндері академиялық коммуникация, ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, дереккөздерді сыни талдау және заманауи зерттеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады. Педагогикалық және зерттеу практикалары ғылыми және білім беру қызметінің интеграциясын қамтамасыз етеді, ал ғылыми семинарлар мен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу кәсіби ғылыми коммуникацияны дамытуға ықпал етеді.
Тарихи тәжірибені зерделеу және теңсіздікті азайту (ТДМ 10): бағдарлама Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихи өзара байланыстарын, этномәдени және көші-қон үдерістерін, демографиялық өзгерістер мен әлеуметтік трансформацияларды зерттеуге бағытталған. «Көші-қон үдерістерінің ортағасырлық Орталық Азия және Қазақстан халықтарының этномәдени интеграциясына ықпалы», «Тарихи психология контекстіндегі қазақ менталитеті», «Қазақстандағы демографиялық трендтер» және басқа да пәндер әртүрлі әлеуметтік және этномәдени топтардың өзара ықпалдасу үдерістерін, сондай-ақ қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи алғышарттарын зерттеуге мүмкіндік береді.
Институттарды нығайту және тиімді басқару (ТДМ 16): көшпелілердегі мемлекеттіліктің теориялық мәселелерін, тарихи жады мен саясатты, сондай-ақ көші-қонды басқару мен әлеуметтік тұрақтылықты зерделеу докторанттарға билікті ұйымдастырудың тарихи нысандарын, мемлекеттіліктің қалыптасу үдерістерін, қоғамдық интеграция тетіктерін және тарихи жадтың қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін талдауға мүмкіндік береді.
Пәнаралық зерттеулерді және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту: бағдарлама дүниежүзі тарихын зерттеуде пәнаралық тәсілдерді меңгеруді, тарихи әдіс ретінде case study қолдануды, дербес ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді, ғылыми тағылымдамадан өтуді, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуды және докторлық диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялауды көздейді. Даярлықтың қорытындысы дербес ғылыми зерттеуге негізделген докторлық диссертацияны орындау және қорғау болып табылады.
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: ақпарат құралдарын критикалық қабылдау мен бағалау дағдылары бар, дүниежүзі және отандық тарихтың өзекті мәселелері бойынша логикалық ой құрап, еркін ойын білдіріп, дәлелдер арқылы өз тұжырымдарын негіздей алатын, тарих және пәнаралық зерттеулер бойынша методологияны меңгерген және ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көрсете білетін, көшбасшы қабілеті бар жоғары квалификациялы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету (отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары сапалы мамандарды) болып табылады.
ON1 Жаһандық тенденциялар мен жоғары білімнің стандарттарына бағытталған педагогикалық қызметті жүзеге асырып, білімнің жаңа аспектілерін меңгеру, сол сияқты, отандық және дүниежүзі тарих бойынша жаңа білімдерді генерация жасай алады;
ON2 Жаңа технологияларды қолдану арқылы дүниежүзі және отан тарихы мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жасау нәтижесінде ұсыныстар жасау;
ON 3 мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жаңа ақпараттық технологияларды есепке ала отырып мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асыру;
ON4 отандық тарих мәселелері бойынша жаңа бағыттарды жасап, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру;
ON5 заманауи ағымдағы мәселелер пен процестерді талдау жасап, тарих ғылымы мен гуманитарлы ғылымдар методтарын әр түрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру;
ON6, Өзіндік оригиналды тұрғы тарапынан тарих ғылымы саласындағы ғылыми мәселелер бойынша жаңа және күрделі мақсаттарды құрау;
ON7 Ғылыми және ақпараттық өнімді коммерциялық негізде жүзеге асыру мақсатында отандық және шетелдік қорлармен, ғылыми мекемелермен бірлескен жобаларды жүзеге асыру;
ON8 мемлекеттік және жергілікті басқару орындарының шешімдері үшін әлеуметтік-саяси салада ғылыми-негізделген ұсыныстар құрау;
ON9 заманауи әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып білім беру мен ғылым саласында басқару қызметін жүзеге асыру;
ON 10 тарих ғылымының басымдыққа ие дамыған бағыттары бағытында әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бойынша аналитикалық шолу даярлау;
ON11 ғылыми зерттеулерде пәнаралық тұрғыларды қолдану: антропология, саясаттану, әлеуметтану, экономика, психология.
ON12 өзіндік кәсіби қалыптасуда және білім беру жүйесі мен ғылымда алынған зерттеу нәтижелерінің маңыздылығын бағалау;
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Қазақстандағы демографиялық трендтер — 5 ECTS
- Тарихи жады және саясат — 5 ECTS
- Көшпелілерде мемлекеттіліктің қалыптасуының теориялық мәселелері — 5 ECTS
- "Case Study" тарихи әдіс ретінде — 5 ECTS
- Қазақ ділі (менталитеті) тарихи психология контексінде — 5 ECTS
- Миграцияны басқару және әлеуметтік тұрақтылық — 5 ECTS
- Дүниежүзі тарихы мәселелерін зерттеудегі пәнаралық ұстанымдар — 5 ECTS
- Интеллектуалдық тарихтағы білім формалары және ойлау тәсілдері — 5 ECTS
- Тарихи процесс динамикасы және тарихтың модельдері — 5 ECTS
- Миграциялық процестердің ортағасырлық Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының этномәдени интеграциясына әсері — 5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері — 3 ECTS
- Академиялық хат — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық практика — 10 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау — 12 ECTS
Жұмысқа орналасу
Білім беру бағдарламасы докторанттарға өздерінің кәсибилігін арттырып, «философия докторы (Ph.D)» дәрежесін алатын диссертация даярлауға, дүниежүзі және отан тарихы саласында сәтті зерттеу, экспертті-аналитикалық және ағартушылық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.
8D022−Тарих мамандығы бойынша – мамандарды даярлау келесідей кәсіби қызметтер бағытында жүргізіледі:
- ғылыми-зерттеу;
- кәсіби қызмет;
- басқарушылық қызмет;
-ғылыми және білім беру мекемелерінде басқарушылық қызмет;
- оқытушылық қызмет;
-эксперт-аналитикалық қызмет;
-ағартушылық қызмет
8D022−Тарих мамандығы бойынша келесідей кәсіби қызметтер:
-Оқытушы;
-Ғылыми қызметкер;
-Тарихшы;
-Эксперт;
-Аналитик;
-Мемлекетті қызметкер
«8D022−Тарих» бағдарламасы түлектері әртүрлі әлеуметтік институттар қызметінде өте қажет болып табылады: ғылым, білім беру,билік органдары, басқару, саясат,партиялар, бірлестіктер, фирмалар мен корпорациялар, кәсіподақтар. Мемлекетте білім беру, мәдени, демографиялық, тарихи, әлеуметтік, отбасылық және гендерлік саясатта.
8D022− Тарих мамандығы бойынша философия докторлары (PhD) үшін негізгі әлеуетті жұмыс берушілер
1.Халықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО, ТЮРКСОЙ, ЮНИФЕМ, МОМ, МОТ және т.б..);
2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты;
3. ҚР БҒМ Р. Б. Сулейменов атындағы шығыстану институты
4.ҚР БҒМ, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты
5. ҚР БҒМ Ә. Марғұлан атындағы археология институты
6. ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағаты
7. ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы
7. ҚР білім және ғылым Министрлігі
8.Сыртқы істер Министрлігі
8. ҚР Ұлттық мұражайы
9. ҚР Президент мұрағаты
10. ҚР Ұлттық мұрағаты
11. ЖОО
12. Масс-медиа және мәдениет салалары
13. ҚР мемлекеттік атқару органдары
Байланыс
Қазақстан тарихы кафедрасы.
ГУК 3; 4 этаж; 413 кабинет.
8 (727) 377-33-33; 1286.
eleysizzhuldyz@gmail.com