6B05304 Физика
Цель: Физика саласында терең білімі бар және табиғаттың негізгі іргелі заңдары бойынша алған нақты білімдерін түсінікті және жеңіл түрде жеткізе алатын, теориялық және эксперименттік физика бойынша заманауи білімдерін ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ ғылым мен техниканың басқа салаларында қолданбалы және инновациялық мәселелерді шешу үшін пайдалана алатын физика саласындағы жоғарғы біліктілікті мамандар дайындау.
Предметы на ЕНТ: Физика и Математика
Білім беру бағдарламасы
Физика саласында терең білімі бар және табиғаттың негізгі іргелі заңдары бойынша алған нақты білімдерін түсінікті және жеңіл түрде жеткізе алатын, теориялық және эксперименттік физика бойынша заманауи білімдерін ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ ғылым мен техниканың басқа салаларында қолданбалы және инновациялық мәселелерді шешу үшін пайдалана алатын физика саласындағы жоғарғы біліктілікті мамандар дайындау.
ON1 әлемнің қазіргі физикалық бейнесін қалыптастырудағы ғылымның рөлі туралы білімді қолдану; физикалық құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну, практикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажет дүниетаным мен ой-өрісті қалыптастырудағы физиканың рөлін бағалау;
ON2 – мамандық бойынша ғылыми әдебиеттің мазмұнын талдау және интерпретациялау үшін әлемнің қазіргі ғылыми көрінісі негізінде жатқан физиканың іргелі заңдары мен принциптерін жіктеу және түсіндіру;
ON3 – өлшеу нәтижелерін талдау, шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау, алынған нәтижелерді түсіндіру және қорытынды жасау;
ON4 – әр түрлі физикалық құбылыстар мен үдерістерге тәжірибелік зерттеулер жүргізу, заттың қасиеттері мен физикалық жүйелер жағдайының параметрлерін анықтау;
ON5 – мамандық бойынша стандартты есептерді шешу, физикалық процестердің математикалық моделін құру, алынған нәтижелерді визуализациялау үшін графика құру және анимация жасау;
ON6 – педагогикалық қызметте оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру үшін физика және физиканы оқыту әдістемесі саласындағы заманауи ғылыми әзірлемелерді қолдану; оқытудың заманауи әдістерін қолдану арқылы орта жалпы білім беретін оқу орындарында физика сабақтарын өткізу;
ON7 – кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; есептерді аналитикалық және сандық есептеу әдістерін, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін қолдану;
ON8 – практикалық тапсырманы тұжырымдау және шешу, негізгі ұғымдарға, заңдылықтарға, заңдар мен теорияларға сүйену, ғылыми терминология мен символдарды сенімді қолдану, физикада қолданылатын ғылыми танымның негізгі әдістерін меңгеру;
ON9 – өз бетінше ары қарай үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету үшін мамандық бойынша іргелі білімді интеграциялау; ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдістерін практикада қолдану;
ON10 – ғылыми ақпаратты жинау және түсіндіруді ұйымдастыру, командада жұмыс істеу және аудиторияның назарын басқару;
ON11 – болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын бағалау, оған тұрақты қызығушылық таныту; ЖОО-да оқу үрдісінде кәсіби шеберлікті одан әрі дамыту үшін қажетті дайындық деңгейіне жету;
ON12 – білім беру бағдарламасының келесі сатысында (магистратура) оқуды жалғастыру, кәсіби қызмет саласында және халықаралық аренада шет тілін қолдануға қабілетті болуға.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Механика-6 ECTS
- Математикалық талдау-5 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Молекулалық физика-5 ECTS
- Векторлық және тензорлық анализ негіздері-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Оқу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дифференциалдық және интегралдық теңдеулер-5 ECTS
- Электр және магнетизм-5 ECTS
- Теориялық механика-5 ECTS
- Астрофизика-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Оптика-6 ECTS
- Математикалық физика әдістері-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Математикалық физиканың қосымша тараулары-5 ECTS
- Физикалық электроника-5 ECTS
- Теориялық физикадағы компьютерлік моделдеу-5 ECTS
- Жалпы салыстырмалық теориясы-5 ECTS
- Гравитацияның релятивтік теориясы-5 ECTS
- Кеңістік, уақыт және гравитация теориясы-5 ECTS
- Атомдық физика-5 ECTS
- Теориялық физиканың таңдамалы тараулары-5 ECTS
- Теориялық физикадағы математикалық әдістер-5 ECTS
- Радиофизика және электроника-5 ECTS
- Электроника негіздері-5 ECTS
- Арнайы салыстырмалық теориясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Ядролық физика-5 ECTS
- Төменгі энергиядағы ядролық физика-5 ECTS
- Кванттық механика 1-6 ECTS
- ЖСТ-дағы компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Релятивистік кванттық теория-5 ECTS
- Электродинамика-5 ECTS
- Электромагниттік өріс теориясы-5 ECTS
- Электромагниттік құбылыстар физикасы-5 ECTS
- Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Элементар бөлшектер физикасы-5 ECTS
- Сынақ бөлшектер динамикасына кіріспе-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Конденсирленген күй физикасы-5 ECTS
- Релятивистік космологияға кіріспе-5 ECTS
- Релятивтік астрофизикаға кіріспе-5 ECTS
- Ықшам объектілер физикасына кіріспе-5 ECTS
- Ядро теориясына кіріспе-5 ECTS
- Кванттық механика 2-5 ECTS
- ЖСТ-дағы метематикалық әдістер-5 ECTS
- Кванттық механиканың қосымша тараулары-5 ECTS
- ЖСТ-дағы есептеу әдістері-5 ECTS
- Жалпы салыстырмалық теориясының қосымша тараулары-5 ECTS
- Өрістің кванттық теориясының негіздері-5 ECTS
- Шашырау теориясына кіріспе-5 ECTS
- Термодинамика және статистикалық физика-6 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады: 1. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА «Академик У.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты»; 2. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты (АФИ); 3. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА «Ионосфера институты» еншілес ЖШС; 4. ЕЖШС «Ғарыштық техника және технологиялар институты»; 5. КЕАҚ «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Эксперименттік-теориялық физиканың ғылыми-зерттеу ғылыми-зерттеу факультеті (НИИ ЭТФ); 6. КЕАҚ «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана; 7. ЖШС "Физика-техникалық институты"7
Байланыс
Белисарова Фарида Бексултановна, БББ координаторы. Алматы, 050040, аль-Фараби, 71. Физика-техникалық факультеті, 315. Теориялық және ядролық физика кафедрасы Тел:+7 7011814613 Ж.т.: 8 (727)377 34 14.
БББ бойынша құжаттар