8D02207 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты музейдің және ескерткіштерді қорғаумен айналысатын, соның ішінде халықаралық мекемелердің, ғылыми зерттеу бағытын жүзеге асыру үшін сапалы докторанттарды дайындау; қазіргі заманғы музеология саласының концепциясы және ғылыми теориясын жүйелеу және интерпретациялауды жүзеге асыратын маман даярлау; мәдениет мекемелерін басқару және маркетингтік қызметін жүзеге асыру; сондай ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сараптамасын жүргізу; музейтану ғылымының жаңа басым дамудағы бағыттарын дамытуға негізделген әдіснамаларды меңгеру. Бағдарлама мәдениет саласы мамандардарына деген сұранысқа жауап береді, сондай ақ, қазіргі заманғы музейлердің кең көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты істерін меңгереді.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты музейдің және ескерткіштерді қорғаумен айналысатын, соның ішінде халықаралық мекемелердің, ғылыми зерттеу бағытын жүзеге асыру үшін сапалы докторанттарды дайындау; қазіргі заманғы музеология саласының концепциясы және ғылыми теориясын жүйелеу және интерпретациялауды жүзеге асыратын маман даярлау; мәдениет мекемелерін басқару және маркетингтік қызметін жүзеге асыру; сондай ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сараптамасын жүргізу; музейтану ғылымының жаңа басым дамудағы бағыттарын дамытуға негізделген әдіснамаларды меңгеру. Бағдарлама мәдениет саласы мамандардарына деген сұранысқа жауап береді, сондай ақ, қазіргі заманғы музейлердің кең көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты істерін меңгереді.OН1 музейлік құжаттама мен музейлік коммуникация барысындағы музейлік практикалық қызметке бағытталған өңдеуді қамтамасыз ететін технологиялық әдістемені әзірлеу;музейдің тұжырымдамалық үлгілі міндеттерін келесі ұғымдар арқылы зерттеуді жүзеге асыру: ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелері, коммуникативті жүйе, мәдени үлгі. Мәдениеттің қазіргі заманғы жетістіктеріне сай, музейлік заттарды саралау барысында музейтанулық және ескерткіштанулық ғылыми зерттеу жүргізу, олардың әлеуеттік ортасын, қатынасын, сондай ақ тарихи динамикадағы музейлік үдерістерді тану;
OН2 музейлік экспонациялау ісінде коммуникациялық тәсілдер мен жаңа үрдістер негізінде музей мекемелері мен музейлік қызметтің жекелеген бағыттарын дамытудың тұжырымдамаларын құру үшін музейлік саясаттың басымдықтары мен тұғырнамаларын дайындау; ҚР аумағында музейлік материалдарды жинау үшін ғылыми зерттеу экспедицияларын жүргізу және ұйымдастыру; қазіргі заманғы зерттеушілік танымдарды саралауда музейтану және ескерткіштану мәселесі бойынша ғылыми зерттеу үдерістерін пәнаралық білімде интеграциялау;
OН3 музейлік мекеменің мақсаттарына, міндеттеріне, профиліне қарай ғылыми жұмыстың бағыттарын ұйымдастыру және жоспарлау; зерттеу кезінде ғылыми критерийлер мен тұғырнамаларды қолдану, түрлі конференцияларда ғылыми ізденістердің тұсаукесерін жасау, тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және таныту тұрғысындағы пәнаралық зерттеу бағдарламаларын іске асыру; жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша есеп жүргізу және ғылыми жобалар бойынша қорытынды жасай білу;
OН4 аймақтағы жаратылыстық-тарихи (табиғи), тарихи үдерістерді құжаттау мақсатында қор жинағына материалдар іріктеудің мәдени-білім беру қызметінің үлгілері мен әдістерін, жинақтаудың ғылыми тұжырымдамасының үлгілері мен әдістерін әзірлеу; музейтану, музей ісі және мәдениет саласындағы теориялық және эксперименталдық зерттеулер әдістемесін меңгеру; профильдеуші кадрларды дайындау кезінде музейтану және ескерткіштану зерттеулерінің теориялық негіздері мен әдістерін қолдану; музейтанулық және ескерткіштанулық мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру; ғылыми және білім беру бағыты мақсатында аудио және видеоматериалдарды жасау және қалыптастыру;
OН5 музей қорларын есепке алу, сақтау, ғылыми өңдеу, консервациялау және қалпына келтіру бойынша музей қызметі туралы жүйелі түсінік беретін қор жұмысыың ғылыми тұжырымдамасын жасау; археология және этнология материалдарына, мәдениет, сәулеттік және тарихи ескерткіштер мәселесіне сараптау жасау, ғылыми болжамдар жасай білу;
OН6 пәнаралық зерттеулер негізінде жіне мақсатты, жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде мәдени құндылықтардың түпнұсқалығы, атрибуциясы, сәйкестілігі, бірегейлігі жөнінде дәйекті сараптамалық қорытындылар (түсініктемелер) беру;
OН7 келушілермен жан жақты жұмыс тәжірибесін жүргізудегі, олардың аудиториясының қызығушылықтары мен талаптарын қанағаттандыруда ғылыми коммуникацияның қазіргі заманғы озық технологиясын қолдана отырып, музейлер және тарихи мәдени, табиғи қорықтардың маркетингтік моделін қалыптастыру;
OН8 музейлер, мәдени мекемелер және тарихи мәдени және табиғи қорықтардың фандрайзингтік жүйесін, қарқынды даму жоспарын, макро- және микрросегиментациялық стратегия негізіндегі музейлік менеджмент тұжырымдамасын жасай білу, финанстық ресурстарды бағалай білу. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, виртуальды экскурсияны жасап және тарата алады;
OН9 музейлік, тарихи мәдени ескерткіштерді цифрландыру, жасанды интеллект тұжырымнамасын жасау, оларды виртуалды алаңда, мобильдік қондырғыларда, музейлердің виртуалды кеңістіктерінде, модельдерді көрсетудің 3D сервистерінде тарата білу; ақпараттың күні бойына қолжетімділігін қамтамасыз ететін компьютерлендірілген жүйені тарата білу, музей және мәдени мекемелерде цифрлық маркетингті қолдану;
OН10 тарихи нақты кезеңдерде, оның ішінде қазіргі кезде мәдени және табиғи мұраны сақтау мен игеру ерекшеліктерін талдау; мәдени және табиғи мұраны сақтау мәселелері жөніндегі жобалардың тұсаукесерін жасау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Гуманитарлық білімдердің теориялық мәселелері: пәнаралық зерттеулер-5 ECTS
- Мәдениет тарихы мен теориясы-5 ECTS
- Ежелгі ескерткіштерді зерттеудегі жаратылыстану ғылымдарының әдістері-5 ECTS
- Материалдық емес мәдениет ескерткіштерін сақтау және музеефиакциялау мәселелелері-5 ECTS
- Музей ісі тарихының деректануы мен тарихнамасы-5 ECTS
- Мәдени кешендер мен табиғи мұраларды басқару-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау-12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарламасының әлеуетті жұмыс берушілері болып табылады: - ҚР музейлері (ҚР Мемлекеттік орталық музейі, ҚР Ұлттық музейі, Алматы қалысының музей бірлестігі, Ә.Қастеев атындағы өнер музейі, Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, облыстық музейлер); - ескерткіштерді қорғау бойынша қоғам; - мәдениет департаменті; - зерттеу институттары. Тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы кәсіби музейтанушылар және мамандардың Қазақстан Республикасының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған білімділік бағдарламасы. Бітіруші түлектер төмендегідей салаларда қызмет атқарады: музейдің барлық қызметкерлер деңгейінде, сарапшы, гид, экскурсовод, мәдениет департаментінің қызметкері.
Байланыс
Координатор - Қартаева Тәттігүл Ерсайынқызы - +7 7017390359 жұмыс тел: 1285
БББ бойынша құжаттар
23123123