6B07107 Электр энергетикасы
Цель: Мақсаты - электр энергетикасы саласында, электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтынуға негізделген техникалық профильдегі жобалау және зерттеу ұйымдарында энергетика саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында сұранысқа ие білімі мен құзыреттілігі бар білікті мамандарды дайындау.
Предметы на ЕНТ: Физика и Математика

Білім беру бағдарламасы
Мақсаты - электр энергетикасы саласында, электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтынуға негізделген техникалық профильдегі жобалау және зерттеу ұйымдарында энергетика саласының кәсіпорындары мен ұйымдарында сұранысқа ие білімі мен құзыреттілігі бар білікті мамандарды дайындау.
NO 1.Электр тізбектерінің параметрлерін есептеу, электр энергетикалық жүйелердегі электрмагниттік және өтпелі процесстерді энергетика саласындағы жаңа ғылыми жетістіктердің нәтижелерін және жоғары математика заңдарын қолдана отырып, есептерін шешу және энергетикалық жүйелердегі процестерді моделдеу үшін талдау.
NO 2. Электр энергиясын өлшеуге, бақылауға және түрлендіруге арналған электронды схемалар мен аспаптарды, электр машиналары конструкциясының элементтерін, электр көлігі мен энергетикалық машина жасауға арналған электромеханикалық және электромагниттік құрылғыларды әзірлеу, жобалау.
NO 3. Электрфизикалық аппараттарды, электр доғалық және электрохимиялық қондырғыларды басқару және қоректендіру көздерінің принциптік электр сұлбаларын әзірлеу, жоғары технологиялық қондырғылардың электр техникалық жабдықтарының конструкциялары мен тұжырымдамалық сұлбаларын жобалау.
NO 4. Электрфизикалық және вакуумдық қондырғылардың технологиялық сынақтарын жүргізу. Жаңартылатын және баламалы энергетика үшін жаңа материалдардың үлгілерін алу үшін вакуумдық және плазмалық технологияларды қолдану.
NO 5. Жаңартылатын энергетика үшін күн, шағын және орта қуатты жел электр станцияларының жаңа түрлерін, жылу және электр энергиясын түрлендіргіштерді, тұрғын және өндірістік үй-жайларды электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау схемаларын, сутегі, плазмалық, термоядролық және т. б. технологиялық әзірлемелерді жүргізу.
NO 6. Электр станцияларының, электр тораптарының және өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергетикалық және электр техникалық жабдықтарын жасау, жобалау;
NO 7. Электр энергетикалық қондырғылар мен жүйелерді жобалау, салу, монтаждау және пайдалану ережелері мен нормаларын пайдалана отырып, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарды электр энергетикасы және электрмен жабдықтау саласындағы Жобаларды басқару бойынша маркетинг пен менеджменттің негізгі әдістерін құру және айқындау;
NO 8. Электр аппараттары мен материалдарының, электромеханиктердің, электр оқшаулау және кабель техникасының, жарық техникасы мен жарық көздерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін жетілдіре отырып, техникалық қызмет көрсетуді жүргізу, параметрлерді өлшеудің негізгі құралдарына метрологиялық тексеруді және электр техникалық объектілердің жұмыс істеу сапасына бақылауды жүзеге асыру;
NO 9. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қолданыстағы заңдарды және басқа да нормативтік және құқықтық актілерді басшылыққа алатын электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру кезінде нақты техникалық шешімдер қабылдау және негіздеу.
NO 10. Энергетикалық жабдықтың жұмыс режимдеріне, оларды пайдалану, Электр станциялары мен желілерінің энергетикалық жабдықтарын жөндеу және жаңғырту қағидаларына, сондай-ақ электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен электр энергиясының сапасын бағалауға жоғары кернеулі сынақтар жүргізу.
NO 11. Релелік қорғау және электр автоматикасы құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптарының, электр жүйелері мен желілеріндегі микропроцессорлық аспаптардың жұмысын диагностикалау және бақылау, сондай-ақ релелік қорғау мен электр станциялары мен қосалқы станциялардың автоматикасын жобалау.
NO 12. Ауызша және жазбаша түрде, оның ішінде шет тілінде, кәсіби орта мен қоғамда тиімді қарым-қатынас жасау, тұлғааралық өзара әрекеттестікте және мәдениетаралық ортада өз көзқарасын, дүниетанымдық және азаматтық ұстанымды қалыптастыру және дәлелді түрде қорғау.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Психология)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Математика 1-5 ECTS
- Физика 1-6 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Инженерлік және компьютерлік графика-5 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Кәсіби (оқу)-1 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Физика 2-6 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Математика 2-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Электр техникасының теориялық негіздері І-6 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Электр энергетикасына кіріспе-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Өнеркәсіптік және күштік электроника-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Электр техникасының теориялық негіздері II-6 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Электр техникалық материалдар және аппараттар-5 ECTS
- Бақылау-өлшеу аспаптары мен аппараттары-5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Электр жүйелері мен желілері-5 ECTS
- Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау-5 ECTS
- Энергетикалық жүйелерді математикалық және компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Электр машиналары және электр жетегі-5 ECTS
- Микропроцессорлық жүйелер мен желілер-5 ECTS
- Дәстүрлі емес және жаңартылатын энергияның негіздері-5 ECTS
- Энергия үнемдеу және электр энергиясының сапасы-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Жоғары кернеу техникасы-5 ECTS
- Өндірістік-5 ECTS
- Электрлік станциялар мен қосалқы станциялар-5 ECTS
- Электр энергетикасында SCADA жүйелерін құру негіздері-5 ECTS
- Технологиялық процестерді автоматтандыру-5 ECTS
- Электр жабдықтарын іске қосу және жөндеу-5 ECTS
- Электрмен жабдықтау жүйелерін автоматты басқару жүйелері-5 ECTS
- Жаңа технологиялар және энергетикалық материалдар-5 ECTS
- Шағын гидроэнергетикалық жүйелер-5 ECTS
- Энергетикалық жүйелердегі вакуум техникасы-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Электр энергетикалық жүйелердің сенімділігі-5 ECTS
- Электр энергетикалық жүйелердегі өтпелі процестер-5 ECTS
- Жарық техникасы және жарық көздері-5 ECTS
- Жел электр қондырғылары-5 ECTS
- Энергетикадағы газдық разрядты процестер-5 ECTS
- Күн энергиясының электрлік түрлендіргіштері-5 ECTS
- Күн жылу түрлендіргіштері-5 ECTS
- Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру-5 ECTS
- Электромеханика және электротехникалық жабдықтар-5 ECTS
- Термоядролық энергетикалық қондырғылар-5 ECTS
- Электрофизикалық құрылғылар мен қондырғылар-5 ECTS
- Релелік қорғаныс және автоматика-6 ECTS
- Электр қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Дипломалды-8 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кәсіптік қызмет саласы жаңартылатын және баламалы энергияны өндіру, тарату және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника саласы болып табылады. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын жобаларды дамыту және іске асыру салалары. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері – ғылыми институттар мен орталықтар, жаңартылатын және баламалы энергия көздері станциялары.
Байланыс
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, 12-корпус, Физика-техникалық факультет, 310 каб. Кафедра меңгерушісі - Коданова Сандуғаш Кулмагамбетовна Телефон: +7(727)2211553 e-mail: sandugash.kodanova@kaznu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123