Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы коммерциялық ұйымдар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар үшін отандық және халықаралық кеңістіктерде өндірістік және іскерлік үрдістерді сауатты ұйымдастыруға, ұйымның позициялау стратегиясын құруға қабілетті әр түрлі қызмет салаларын басқару саласында мамандарды даярлау болып табылады.
ОН1 Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептер дайындау, статистикалық есептілікті құру және зерттелген әдістер мен құралдар негізінде ұйымның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар құрастыру;
ОН2 Қаржылық есептілікті және қаржылық болжауды талдау әдістері мен құралдарын қолдану; инвестициялық жобаларды бағалау; шығындарды есептеу және бөлу, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және талдау; ұйымның қызметін бағалау үшін операциялық (өндірістік) қызметті жоспарлауды ұйымдастыру.
ОН3 Макроэкономикалық ортаның жай-күйін, оның өзгеру серпінін, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға әсерін бағалау мақсатында салалық нарықтардың даму үрдістерін талдау.
ОН4 Өндірістің рентабельділігін, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу.
ОН5 Ұйымның жалпы қызметінің және жеке жобалардың/процестердің тиімділігін өлшеу, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін бағалау үшін қажетті бастапқы деректерді жинау және жүйелеу
ОН6 Ұйымның корпоративтік, бәсекелестік және функционалдық даму стратегияларын құрастыру; бизнес-процестерді модельдеу және оңтайландыру үшін саланың бәсекелестік деңгейіне талдау жүргізу.
ОН7 Ұйымның есептілігіндегі қаржылық, бухгалтерлік және басқа да ақпараттарды талдау, түсіндіру және алынған мәліметтерді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану.
ОН8 Түрлі ұйымдық-құқықтық формада және қызмет салаларында кәсіпорын қызметінің басталуы мен тіркеу процесін регламенттейтін нормативтік - құқықтық базаны, бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру принциптерін қолдану.
ОН9 Нарыққа іргелі және техникалық талдау жүргізу және тәуекелдерді бағалау негізінде компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру.
ОН10 Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру және олардың салдарын түсіндіру, кәсіби қызметтегі адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, қызметкерлерді ынталандыру және қызықтыру; іскерлік коммуникацияларды жүзеге асырудың тиімді әдістері мен құралдарын қолдану.
ОН11 Ұйымның бизнес-стратегиясының және операциялық модельінің қажеттілігін ескере отырып, ұйымдық құрылымды, штаттық кестені құру, қызметкерлер мен бөлімшелердің жауапкершілік аймағын анықтау (ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар/лауазымдардың сипаттамасы).
ОН12 Жаңа ұйымдарды құру мен дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлеу үшін маркетингтік зерттеудің әдістерін, статистикалық, экономикалық-математикалық әдістерді таңдау және қолдану (қызмет бағыттары бойынша, инновациялық өнімдер және т.б.).
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
"Менеджмент" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты - коммерциялық ұйымдар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар үшін отандық және халықаралық кеңістіктерде өндірістік және іскерлік үрдістерді сауатты ұйымдастыруға, ұйымның позициялау стратегиясын құруға қабілетті әр түрлі қызмет салаларын басқару саласында мамандарды даярлау болып табылады.
Байланыс
Менеджмент кафедрасы
Кафедраның мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71. БОҒ-3 корпусы
Кафедраның орналасқан орны: 2 қабат, 221 кабинет
Кафедрамен байланыс: +7 (727) 221-12-48
Кабинет 221, E-mail: kafedra222@gmail.com