6B05108 Биомедицина
Цель: Биологияға, медицинаға, биотехнологияға және басқа салаларға арналған қазіргі заманғы жабдықта жұмыс істеу дағдылары мен ғылыми ізденістің қазіргі заманғы әдіснамасын меңгерген биомедицина саласында жоғары білікті бакалаврды дайындау
Предметы на ЕНТ: Биология и Химия

Білім беру бағдарламасы
Биологияға, медицинаға, биотехнологияға және басқа салаларға арналған қазіргі заманғы жабдықта жұмыс істеу дағдылары мен ғылыми ізденістің қазіргі заманғы әдіснамасын меңгерген биомедицина саласында жоғары білікті бакалаврды дайындауОН1. Биологиялық және сабақтас ғылымдар саласында, адам және жануарлар ағзасының құрылымы мен қызметтері, функционалдық жағдайын талдай отырып, жасушалық, ұлпа, мүше, жүйе деңгейінен бастап тұтастай алғанда организмнің өмірлік маңыздылығын онда болатын процестер мен қоршаған ортамен әрекеттесуін түсіну үшін білімдерін тәжірибеде қолдану.
ОН2. Заманауи құралдарды пайдалана отырып, биологиялық және медициналық зерттеулерді жүзеге асыру үшін физика, химия және биомедициналық ғылымдар бойынша білімдерін біріктіріп: диагностикалық бейнелеу жабдықтары, электрокардиографтар, электроэнцефалографтар, гематологиялық және биохимиялық анализаторлар, биомедициналық өлшеу жабдықтары, клиникалық өлшеу жабдықтарын және т.б. қолдана білу.
ОН3. Биомедициналық зерттеу зертханаларында кәсіби аралық/көп салалы топтарда медициналық биохимия, биофизика, нанотехнология, жасуша және тіндерді өсіру әдістерін, жасушаларды, ұлпаларды, мүшелерді және адам және жануарлар ағзасының биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерін қолдана отырып, заманауи биологиялық және медициналық жабдықтарды пайдалана отырып тиімді жұмыс істей білу.
ОН4. Бақылау жүргізу, ақпарат және биологиялық материал жинау, биомедициналық жабдықтарды пайдалана отырып биологиялық жүйелердің мониторингін және стандартты зертханалық сараптамаларды жүргізіп, нәтижелерді құжаттау.
ОН5. Алдын ала диагностика жоспарын құру және ағзаның функционалдық жағдайын бағалау үшін алынған нәтижелерге зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері арқылы сараптамаларды талдау.
ОН6. Адам мен жануарлардағы әртүрлі жасуша, ұлпа және мүше құрылымдарының гистофизиологиялық жағдайын бағалай отырып, аспаптық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдаланып, ағзаның функционалдық күйін дәрігерге дейінгі аспаптық диагностика жүргізу.
ОН7. Фармацевтикалық көмек көрсету бойынша білімді қолдана отырып, дәрілік препараттардың құрамы, өсімдік препараттары мен дәрілік шөптер, олардың белсенді заттары және қолдану принциптері, дәрілік заттар мен биомедициналық бұйымдардың айналысы саласындағы кәсіби ақпаратты түсіну.
ОН8. Биомедициналық зерттеу әдістерінің техникалық сауатты рәсімдерін орындау, медициналық ұйымдардың бөлмелерін физиологиялық зерттеу әдістерін және медициналық рәсімдерді қолдана отырап, емдеу-диагностикалық, санитарлық-гигиеналық өңдеуді жүзеге асыруды меңгеру.
ОН9. Нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, биоэтика қағидаттарын сақтай отырып, қолданыстағы заңнаманы ескере отырып алған білімдерін практикалық қызметте қолдану; командада жұмыс істеу дағдыларын көрсету; динамикалық тұлғааралық қатынастарды тиімді құру.
ОН10. Технологияның тез дамуына байланысты жеке кәсіби өсуді арттыру үшін IT-технологиялар мен коммуникациялық құзыреттерді пайдалана отырып, өз білімдері мен қабілеттерін ғылыми және кәсіби қызметте қолдана білу
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Өсімдіктер мен жануарлардың биоалуантүрлілігі-9 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Психология)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)-2 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Бейорганикалық және органикалық химия-6 ECTS
- Кәсіби (оқу-дала) практика-3 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Биохимия-6 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Цитология, гистология және адам анатомиясы-9 ECTS
- Генетика-9 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Адам физиологиясы-9 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Математика және физика-9 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Гематология-6 ECTS
- Ағза функцияларының гормондық реттелуі-6 ECTS
- Фармакология және фитотерапия негіздері-9 ECTS
- Эпидемиология және жалпы гигиена-9 ECTS
- Қолданбалы эндокринология-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Өндірістік-3 ECTS
- Медициналық микробиология-6 ECTS
- Микробиология және токсикология-6 ECTS
- Молекулалық биомедицина-6 ECTS
- Дәлелдерге негізделген медицина және биомедициналық ақпаратты өңдеу әдістері-9 ECTS
- Патология негізіндегі иммунология-6 ECTS
- Молекулалық биология-6 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Биомедициналық құралдар мен жабдықтар-9 ECTS
- ОЖЖ физиологиясы-9 ECTS
- Гериатрияның заманауи мәселелері-6 ECTS
- Биомембранология-6 ECTS
- Кардиореспираторлық жүйенің физиологиясы-9 ECTS
- Биофизика-6 ECTS
- Хрономедицина және биоэтика-9 ECTS
- Радиология және профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыру-6 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Диплом алды-7 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Өндірістік-9 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кадрларды даярлау кәсіби қызметтің келесі салаларына жоспарлануда: білім беру; ғылыми; денсаулық сақтау ауыл шаруашылығы; Түлек биологиялық және медициналық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында, практикалық денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет етуге дайын. Физиология, Медициналық биохимия, генетика, биофизика, нанотехнология саласында теориялық білімді және биомедицина, эксперименттік онкология, радиобиология саласында зерттеу әдістерін, адам мен жануарлардың жасушаларын, тіндерін, органдары мен ағзаларын биохимиялық және биофизикалық зерттеу әдістерін меңгерген. Магистратурада оқуды жалғастыруға, сондай-ақ биомедициналық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістемелерін игеруге және адам ағзасын зерттеуге арналған қазіргі заманғы аппаратураларды әзірлеуге және сынақтан өткізуге қатысуға дайын.
Байланыс
+7 701 711 24 32 Аблайханова Нұржанат Татуханқызы nurzhanat.ablaihanova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123