6B05108 Биомедицина
Цель: Биологияға, медицинаға, биотехнологияға және басқа салаларға арналған қазіргі заманғы жабдықта жұмыс істеу дағдылары мен ғылыми ізденістің қазіргі заманғы әдіснамасын меңгерген биомедицина саласында жоғары білікті бакалаврды дайындау
Предметы на ЕНТ: Биология и Химия
Білім беру бағдарламасы
Биологияға, медицинаға, биотехнологияға және басқа салаларға арналған қазіргі заманғы жабдықта жұмыс істеу дағдылары мен ғылыми ізденістің қазіргі заманғы әдіснамасын меңгерген биомедицина саласында жоғары білікті бакалаврды дайындау
ОН1. Биологиялық және сабақтас ғылымдар саласында, адам және жануарлар ағзасының құрылымы мен қызметтері, функционалдық жағдайын талдай отырып, жасушалық, ұлпа, мүше, жүйе деңгейінен бастап тұтастай алғанда организмнің өмірлік маңыздылығын онда болатын процестер мен қоршаған ортамен әрекеттесуін түсіну үшін білімдерін тәжірибеде қолдану.
ОН2. Заманауи құралдарды пайдалана отырып, биологиялық және медициналық зерттеулерді жүзеге асыру үшін физика, химия және биомедициналық ғылымдар бойынша білімдерін біріктіріп: диагностикалық бейнелеу жабдықтары, электрокардиографтар, электроэнцефалографтар, гематологиялық және биохимиялық анализаторлар, биомедициналық өлшеу жабдықтары, клиникалық өлшеу жабдықтарын және т.б. қолдана білу.
ОН3. Биомедициналық зерттеу зертханаларында кәсіби аралық/көп салалы топтарда медициналық биохимия, биофизика, нанотехнология, жасуша және тіндерді өсіру әдістерін, жасушаларды, ұлпаларды, мүшелерді және адам және жануарлар ағзасының биохимиялық және физиологиялық көрсеткіштерін қолдана отырып, заманауи биологиялық және медициналық жабдықтарды пайдалана отырып тиімді жұмыс істей білу.
ОН4. Бақылау жүргізу, ақпарат және биологиялық материал жинау, биомедициналық жабдықтарды пайдалана отырып биологиялық жүйелердің мониторингін және стандартты зертханалық сараптамаларды жүргізіп, нәтижелерді құжаттау.
ОН5. Алдын ала диагностика жоспарын құру және ағзаның функционалдық жағдайын бағалау үшін алынған нәтижелерге зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері арқылы сараптамаларды талдау.
ОН6. Адам мен жануарлардағы әртүрлі жасуша, ұлпа және мүше құрылымдарының гистофизиологиялық жағдайын бағалай отырып, аспаптық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдаланып, ағзаның функционалдық күйін дәрігерге дейінгі аспаптық диагностика жүргізу.
ОН7. Фармацевтикалық көмек көрсету бойынша білімді қолдана отырып, дәрілік препараттардың құрамы, өсімдік препараттары мен дәрілік шөптер, олардың белсенді заттары және қолдану принциптері, дәрілік заттар мен биомедициналық бұйымдардың айналысы саласындағы кәсіби ақпаратты түсіну.
ОН8. Биомедициналық зерттеу әдістерінің техникалық сауатты рәсімдерін орындау, медициналық ұйымдардың бөлмелерін физиологиялық зерттеу әдістерін және медициналық рәсімдерді қолдана отырап, емдеу-диагностикалық, санитарлық-гигиеналық өңдеуді жүзеге асыруды меңгеру.
ОН9. Нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, биоэтика қағидаттарын сақтай отырып, қолданыстағы заңнаманы ескере отырып алған білімдерін практикалық қызметте қолдану; командада жұмыс істеу дағдыларын көрсету; динамикалық тұлғааралық қатынастарды тиімді құру.
ОН10. Технологияның тез дамуына байланысты жеке кәсіби өсуді арттыру үшін IT-технологиялар мен коммуникациялық құзыреттерді пайдалана отырып, өз білімдері мен қабілеттерін ғылыми және кәсіби қызметте қолдана білу
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Бейорганикалық және органикалық химия-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Ботаника-5 ECTS
- Зоология-5 ECTS
- Оқу-3 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Биохимия-5 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Микробиология-5 ECTS
- Қолданбалы математика-5 ECTS
- Цитология, гистология-5 ECTS
- Адам анатомиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Биомедициналық ақпаратты өңдеу әдістері-5 ECTS
- Жалпы және медициналық генетикасы-6 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Адам физиологиясы-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Қолданбалы эндокринология-5 ECTS
- Биомедициналық құралдар мен жабдықтар-5 ECTS
- Биоэтика-5 ECTS
- Биоэнергетика-5 ECTS
- Токсикология-5 ECTS
- Хрономедицина-5 ECTS
- Эпидемиология-5 ECTS
- Гематология-5 ECTS
- Патология негіздерімен берілген иммунология-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Биомембранология-5 ECTS
- Медициналық микроскопия-5 ECTS
- Биожүйелердің уақытаралық құрылымы-5 ECTS
- Фитотерапия-5 ECTS
- Адам эмбриологиясы-5 ECTS
- Жалпы гигиена-6 ECTS
- Молекулалық биология-5 ECTS
- Кардиореспираторлық жүйенің физиологиясы-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Медициналық биофизика-6 ECTS
- Фармакология негіздері-5 ECTS
- Дәрілік өсімдіктер-5 ECTS
- Дәлелді медицина-5 ECTS
- Молекулалық биомедицина-5 ECTS
- Профилактикалық және емдеу-диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыру-5 ECTS
- Ерекше қауіпті инфекцияларды инфекциялық бақылау-5 ECTS
- Гериатрияның заманауи мәселелері-5 ECTS
- ОЖЖ физиологиясы-5 ECTS
- Мидың белсенділігін зерттеу әдістері-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кадрларды даярлау кәсіби қызметтің келесі салаларына жоспарлануда: білім беру; ғылыми; денсаулық сақтау ауыл шаруашылығы; Түлек биологиялық және медициналық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында, практикалық денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет етуге дайын. Физиология, Медициналық биохимия, генетика, биофизика, нанотехнология саласында теориялық білімді және биомедицина, эксперименттік онкология, радиобиология саласында зерттеу әдістерін, адам мен жануарлардың жасушаларын, тіндерін, органдары мен ағзаларын биохимиялық және биофизикалық зерттеу әдістерін меңгерген. Магистратурада оқуды жалғастыруға, сондай-ақ биомедициналық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістемелерін игеруге және адам ағзасын зерттеуге арналған қазіргі заманғы аппаратураларды әзірлеуге және сынақтан өткізуге қатысуға дайын.
Байланыс
+7 701 711 24 32 Аблайханова Нұржанат Татуханқызы nurzhanat.ablaihanova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар