Білім беру бағдарламасы
Жалпы орта және орта кәсіптік білім беру саласына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің педагогтарын дайындау.
1. Бағдарламада қарастырылған әлеуметтік-педагогикалық және ғылыми сипаттағы пәндер бойынша білімдерін өз кәсіби қызметтерінде қолдану.
2. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістемесін меңгеру.
3. Пәнді оқыту барысында типтеріне қарамастан мәтіндерді талдаудың түрлі тәсілдерін, тіл мен көркемдік әлемнің әр қилы құбылыстарын түсіндіру.
4. Қазақ тілі мен әдебиетінен білім беру сапасын және кәсіби педагогикалық шеберлігін жақсарту мен өзін-өзі жетілдіру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсету.
5. Қазақ тіл білімінің және әдебиеттануының аспектілерін оқытуға кәсіби бейімделу.
6. Оқушыларды тәрбиелік және ақылақтық-адамгершіліктік тұрғыдан сауаттандыру мақсатында тіл мен әдеби шығарма стилі арасындағы байланысты негіздеу.
7. Ағымдағы оқу-ұйымдастыру материалдарын (дидактикалық, бағалау-өлшеу) жасау және оқушылардың танымдық қабілеттерін өрістететін шаралар ұйымдастыру.
8. Филологиялық пәндердің жаңартылуы мен жетілдірілуіне мүмкіндік туғызатын заманауи ақпараттық технологияларды, инновациялық жүйелерді және жаңа компьютерлік бағдарламаларды, смарт-технологияларды оқу-білім процесіне қосу.
9. Тіл және әдебиет пәндерін оқыту арқылы оқушылардың бойында патриоттық пен ізгіліктік дүниетанымды, сондай-ақ азаматтық сана-сезімді қалыптастыру мен дамыту мақсатында қоғамдық сана жаңғыруының негізгі ұстанымдарын ұғыну.
10. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік тәсілдері мен тиімді әдістерін оқу процесіне енгізу.
11. Тіл білімі мен әдебиеттанудағы түрлі жаңа концепциялар мен құбылыстарды сыни бағалау.
12. Қазіргі еңбек нарығының қажеттіліктері мен тұтынушының (жұмыс беруші мен мүдделі тараптардың) өзгермелі талаптары жағдайында жоғары кәсіби құзыреттілігін көрсету.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:
1. жалпы орта білім беру мектебі
2. білім беру орталықтары
3. колледждер
4. газеттер, журналдар, редакциялар
5. баспалар, баспаханалар
6. аударма орталықтары
7. қалалық және аудан әкімшіліктері
8. банктер мен халыққа қызмет көрсету орталығы
9. жергілікті басқару органдары
10. баспасөз қызметі
Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады
1. Мектеп;
2. Колледж;
3. білім беру мекемелері;
4. жарнама қызметтері;
5. аударма қызметтері;
6. редакторлық қызметтер;
7. баспа қызметтері
Байланыс
050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ, филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Байланыс телефоны: +7 (727) 3773334 (ішкі 1330)
e-mail: kazlit19@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123