6B02305 Қазақ филологиясы
Цель: Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық базасын меңгерген филолог-зерттеуші, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мемлекеттік тілде іс-жүргізуші, бұқаралық ақпарат құралдарында корректор, редактор, копирайтер, пиар-менеджер, интернеттік коммуникация, тіл үйрету орталықтарында қызмет істейтін маман қалыптастыруға бағытталған
Предметы на ЕНТ: Қазақ тілі и Қазақ әдебиеті
Білім беру бағдарламасы
Қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық базасын меңгерген филолог-зерттеуші, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мемлекеттік тілде іс-жүргізуші, бұқаралық ақпарат құралдарында корректор, редактор, копирайтер, пиар-менеджер, интернеттік коммуникация, тіл үйрету орталықтарында қызмет істейтін маман қалыптастыруға бағытталған
ОН1 Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы жаңа бағыттар, жаңа ғылыми тұжырымдар, өзекті мәселелері туралы өзіндік пікірі қалыптасады.
ОН2 Қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуы, көне тілдер мен қазіргі тілдердің арасындағы байланыстар, сөздердің шығу тегі, грамматикалық және лингвистикалық өзгерістерді ажыратады.
ОН3 Жоғары білімді маман ретінде тілдің ішкі генетика-семантикалық мағынасы мен қолданыстағы мәнін анықтайды.
ОН4 Мәтіннің негізгі бірліктерін меңгеріп, мәтінді редакциялайды, филологиялық талдау түрлерін ажыратады.
ОН5 Қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық, коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді.
ОН6 Дискурсты, медиа-мәтінді лингвопрагматикалық тұрғыдан бағалайды.
ОН7 Қазіргі инновациялық идеяларды, тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас қағидаларын меңгереді.
ОН8 Ғылыми зерттеу, академиялық институттарда және оқу орындарында тіл білімі саласы мен әдебиеттануға қатысты ғылыми еңбектер, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, сөздіктер даярлай алады.
ОН9 Ғылыми, техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, көркем әдебиеттерді, шетелдік мекемелермен және кәсіпорындармен хат алмасудағы материалдарды редакциялайды.
ОН10 БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланады.
ОН11 Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда рефераттар, филологиялық түсіндірмелер, аналитикалық эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, оқу-зерттеу жобаларын, ғылыми баяндамалар, мақалалардың тезистерін, филологиялық пікірлер жазуды меңгереді.
ОН12 Қазақ қоғамы дамуының кезеңдері, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы ғылыми тұрғыдан сараптама жасай алады.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеу әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Қазіргі қазақ тілінің теориялық фонетикасы және фонологиясы-6 ECTS
- Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Оқу-2 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Қазақ диалектологиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы-5 ECTS
- Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы-5 ECTS
- Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті-5 ECTS
- Әдебиеттануға кіріспе-5 ECTS
- Қазақ халық ауыз әдебиеті-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- XIV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті-5 ECTS
- ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы-6 ECTS
- Қазіргі қазақ тілі синтаксисі-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Қазақ әдебиетіндегі этнографиялық дискурс-5 ECTS
- Қазақ фольклорындағы ұлттық кодтардың семиотикасы-5 ECTS
- Digital-әдебиет: блогтан интерактивті романға дейін-5 ECTS
- ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы-5 ECTS
- Цифрлық филология негіздері-5 ECTS
- Көркем сөйлеу теориясы-5 ECTS
- Масс-медиа тілінің прагматикасы-5 ECTS
- Қазақ тілінің семантикасы-5 ECTS
- Рухани және материалдық лексика-5 ECTS
- Қазақ әдеби сынының тарихы-5 ECTS
- Абай және оның әдеби мектебі-5 ECTS
- Тіл және дискурс-5 ECTS
- Шығыстық қисса-дастандар: генезисі, нұсқалары, құрылымы-5 ECTS
- Қазақ тілінің тарихи грамматикасы-5 ECTS
- Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Қазақ баспасөзінің термин қалыптастырудағы рөлі-5 ECTS
- Қазақ тіліндегі аналитизм-5 ECTS
- Қазақтың импровизаторлық өнері-5 ECTS
- Сахна тілінің лингвистикалық поэтикасы-5 ECTS
- Ақын-жыраулар поэзиясындағы эстетикалық категориялар-5 ECTS
- Қазақ әдеби тілінің тарихы-5 ECTS
- Қазақ тілінің стилистикасы-6 ECTS
- Ахметтану: теориялық негіздері-5 ECTS
- Филологиялық білім берудегі тілдік талдау технологиясы-5 ECTS
- Әдеби үдеріс және сын-5 ECTS
- Қазақ әдебиетіндегі мифопоэтика-5 ECTS
- Ұлттық корпус терминологиясы-5 ECTS
- Цифрландыру дәуіріндегі әдеби зертханалар-5 ECTS
- Қазіргі әдебиет: тенденциялар мен бағыттар-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Қазақ тіліндегі ЖИ технологиялары-5 ECTS
- Қазақ әдебиеті және кино-5 ECTS
- Әдебиетті зерттеуде ЖИ технологияларын қолдану-5 ECTS
- ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясының модификациялануы-5 ECTS
- Ұлттық корпус және мәтін лингвистикасы-5 ECTS
- Қазақ тілінің функционалды грамматикасы-6 ECTS
- Қазіргі қазақ әдебиеті-5 ECTS
- Әдебиет теориясы және эстетика-5 ECTS
- Қазақ терминологиясы-5 ECTS
- Абай сөзінің лингвопоэтикасы-5 ECTS
- Жанр типологиясы-5 ECTS
- Мәтінтану негіздері-5 ECTS
- Спичрайтинг негіздері-5 ECTS
- Копирайтинг негіздері-5 ECTS
- Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм-5 ECTS
- Әдебиеттерді салыстыра зерттеу принциптері-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама ұлттық білім жүйесінің өзекті міндеттеріне сәйкес оқу үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданатын (филолог-педагог), үздіксіз кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайтын, білім тәжірибесіне мониторинг зерттеулер жүргізетін (филолог-зерттеуші), инновациялық идеяларды жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілдерімен байланыс орнатып, коммуникация құрай алатын (мәдениаралық коммуникация менеджері), ақпарат талаптарына сәйкес медиатұлғалармен байланыс орнататын (PR-менеджер), БАҚ саласында ақпарат алу, сақтау, өңдеу әдістері мен құралдарын тиімді пайдаланатын, қоғам сұранысына орай блогтар жүргізетін (блогер), жарнамалық және презентациялық мәтіндер құрайтын (копирайтер), мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына, саясаткерлерге, қоғам қайраткерлеріне немесе кәсіпкерлерге арналған баяндамалар дайындайтын (спичрайтер), бағдарламалық идеяларды әзірлейтін (репортер), бағдарламаларды жүргізетін (тележүргізуші, радиожүргізуші), материалдарды редакциялайтын (редактор, корректор), деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарын қолданатын (құжат айналымын ұйымдастырушы), деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу үшін сандық технологияны іске асыратын (ІТ-лингвист), ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, мамандық бойынша жобалық іс-шараларды жүргізетін маман қалыптастыруға бағытталған. Жұмысқа орналасу - 71%
Байланыс
Амиров Абдибек Жетписович - 87782283627 abdibek71@mail.ru
БББ бойынша құжаттар