Білім беру бағдарламасы
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми сала үшін педагогтарды, зерттеуші ғалымдарды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызметтің нәтижелерін білікті талдау және қорыту міндеттерін тиімді шеше алатын білім беру саласындағы менеджерлерді даярлау
1. еліміздің сыртқы және ішкі саясатындағы өзгерістерге, тіл саясаты саласындағы қазіргі заманғы үрдістер мен сын-тегеуріндерге, жаңа қоғамдық үрдістерге дұрыс баға беру, бұл магистранттың жалпы ғылыми дүниетанымының қалыптасқанын көрсетеді;
2. тіл білімі мен әдебиеттанудың классикалық және заманауи ғылыми парадигмаларын өздерінің ғылыми зерттеулерінің мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін пайдалану;
3. лингвистика мен әдебиеттанудың ғылыми зерттеулерінің әдіснамасын қолдану, ғылыми-зерттеу қызметін дұрыс және дәл жүзеге асыру, ғылыми мақалалар, эсселер, баяндамалар форматында оның нәтижелері туралы ғылыми жұртшылықты хабардар ету;
4. білім беру бағдарламаларының мазмұнын оқу қызметінде, оның ішінде жаңа цифрлық технологияларды пайдалана отырып іске асыру;
5. жеке әлеуметтену процестерінде және жеке тұлғаны жетілдіру бағдарламаларында алған білімдері мен қалыптасқан құзыреттерін пайдалану;
6. оқу мақсаттарына сәйкес оқу сабақтарын модельдеу, білім беру процесіне цифрлық технологияларды интеграциялау;
7. білім алушылардың орыс тілі мен әдебиетін оқуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
8. білім алушыларда педагогикалық деонтологияға сәйкес мәдени контексттердің әртүрлілігіне бейімделу үшін мәдениетаралық құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«7М01702 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алған түлектері кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады: орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі; жалпы орта, орта арнайы, жоғары білім беру саласындағы маман; білім беру қызметтері жөніндегі кеңесші; мәтіндер, сөйлеу тілі және құжаттарды жасаушы, редактор, сарапшы, референт.
«7М01702 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыра алатын негізгі жұмыс берушілер:
- меншік нысаны мен бөлім бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі орта білім беру ұйымдары;
- техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдар;
- жоғары оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
- білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
«7М01702 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша түлектерінің жұмысқа орналасу талдауы 2022 жылы 100% құрады.
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 3-4, 3-5
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1331, 1365)
БББ бойынша құжаттар
23123123