7M02309 Әдебиеттану
Цель: Жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттарына, әдеби баспалар мен агенттіктерде көркем шығармашылықты зерттеу және сараптау үшін инновациялық технологияларды меңгерген әдебиеттану, фольклортану және шешендік өнер саласының білікті мамандарын даярлау.
Предметы на ЕНТ: Фольклор и Әдебиет теориясы
Білім беру бағдарламасы
Жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттарына, әдеби баспалар мен агенттіктерде көркем шығармашылықты зерттеу және сараптау үшін инновациялық технологияларды меңгерген әдебиеттану, фольклортану және шешендік өнер саласының білікті мамандарын даярлау.1. Көркем шығармашылықты зерттеуге пәнаралық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну.
2. Тарих, теория, әдебиет менеджменті саласында өз бетінше зерттеулер жүргізудің және алынған нәтижелерді интерпретациялаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру.
3. Филологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның қазіргі ғылыми бағыттары аясында көркем әдебиет пен фольклор шығармаларды зерттеу әдіснамасын қолдану.
4. Заманауи әдебиеттану мен фольклортанудың әртүрлі бағыттарын, жаһандану мен сананы жаңғыртудың әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың дамуына әсер ету ерекшеліктерін қалыптастыратын білім жүйесіндегі интегративті процестерді түсіну.
5. Жоғары оқу орындарында әдебиеттану пәндерін оқытудың инновациялық әдістерін таныстыру, көркем шығарма туындыларына сараптама жасау процесінде сандық және компьютерлік технологияларды қолдану.
6. Қазіргі заманғы көркем шығармашылықтың түрлі құбылыстарын мәдениет контекстінде терең зерттеу, әдебиет туындыларын олардың мазмұндық, тілдік, стилистикалық ерекшеліктері тұрғысынан сараптау үшін эксперименттік технологияларды пайдалану.
7. Өткен және қазіргі әдеби мұраны көпшілікке таратуға және насихаттауға бағытталған шығармашылық жобаларды дербес әзірлеу және жүзеге асыру.
8. Әдебиеттану, фольклортану, әдебиет менеджменті саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырған кезде теориялық және практикалық дайындықтың жоғары дәрежесін, өзіндік ерекшелігін және шығармашылық тәсілін көрсету.
9. Пәнаралық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының жетістіктері мен мәдениеттің даму тенденциялары аясында әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерінің зерттеулерін меңгеру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Түрік халықтарының фольклорлық және әдеби байланыстары-5 ECTS
- Интертекстуальдық компаративистика және текстология-5 ECTS
- Мәдени, тарихи және әдеби мұра аясындағы менеджмент-5 ECTS
- Әдебиеттану және қазіргі арт-индустрия-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Әдебиеттану мен фольклористиканың өзекті мәселелері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Қазақстандағы әдеби сын дамуының негізгі тенденциялары-5 ECTS
- Әдеби коучинг-5 ECTS
- Әдебиеттану мен фольклористиканың әдіснамалық мәселелері-5 ECTS
- Әдебиеттану және мәдениаралық қарым-қатынас-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Әдебиеттанудағы ақпараттық технологиялар-5 ECTS
- Қазіргі қазақ драматургиясы және театр-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Хронотоп теориясы-5 ECTS
- Композиция поэтикасы және нарратология-5 ECTS
- Көркем мәтін теориясы-5 ECTS
- Мәдениет пен әдебиет аясындағы PR-5 ECTS
- Әдебиет және медиатехнологиялар-5 ECTS
- Әдебиет маркетингінің негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады: 1. жоғары оқу орындарына; 2. баспалар; 3. ақпараттық агенттіктер; 4. мәдениет мекемелері; 5. БАҚ (әдеби басылымдар, радио, теледидар); 6. ҒЗИ және ҒЗО; 7. кітапхана; 8. мұражайлар; 9. тренингтік орталықтар; 10. жарнама агенттіктері. Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті: 1. білім; 2. ғылым; 3. жарнамалық қызметтер; 4. аударма қызметтері; 5. әдеби редакциялау және әдеби экспертиза қызметтері
Байланыс
050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ, филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Байланыс телефоны: +7 (727) 3773334 (ішкі 1330) e-mail: kazlit19@gmail.com