7M02302 Aударма ісі (шығыс тілдері)
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты – аударматану саласында жаңа тәсілдерді генерациялай алатын, коммуникативті, этикалық нормаларды сақтайтын және ұлттық, қоғамдық, жеке ұйымдардың жұмысында халықаралық тілде аудармашының кәсіби функцияларын орындай алатын, жүйелі білім кешені бар, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Предметы на ЕНТ: Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері) и Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын тілі)

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты – аударматану саласында жаңа тәсілдерді генерациялай алатын, коммуникативті, этикалық нормаларды сақтайтын және ұлттық, қоғамдық, жеке ұйымдардың жұмысында халықаралық тілде аудармашының кәсіби функцияларын орындай алатын, жүйелі білім кешені бар, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Осы бағдарламаны аяқтаған магистранттар төмендегідей құзіреттерді танытуға қабілетті:
1.Халықаралық саясат, мемлекетаралық қатынастар және зерттелген аймақтың саяси ахуалы бойынша шетелдік делегацияны алып жүру жағдайында ілеспе аударма жасауға;
2.Аударма ісі және шығыс тілінің белгілі бір аударма мәселесін зерттеу саласында қолданыстағы білім шеңберінде өзіндік зерттеу жасауға;
3.Қауіпсіздік пен халықаралық қатынастар саласында мәтіндерді шығыс тілінен орыс / қазақ / ағылшын және орыс / қазақ / ағылшын тілдерінен шығыс тіліне жазбаша / ауызша аударуға;
4. Туристік аударма қызметі саласында келіссөздер жүргізуге және ұйымдастырушылық және коммуникациялық дағдыларға ие болуға;
5.Әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени айырмашылықтарды толеранттылықпен қабылдайтын, кәсіби қарым-қатынас жағдайында іс-әрекеттің әртүрлі әдістерін іс жүзінде жүзеге асыратын топта бірлескен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға.
6.ЖОО-да практикалық оқу қызметінде жаңа интерактивті және цифрлық технологияларды қолдануға;
7. Аударма теориясы саласындағы және оның дамуына қатысты заманауи ғылыми парадигмасын, ғылыми зерттеудің методологиялық қағидалар жүйесі мен әдістемелік тәсілдерін дәйектеуге;
8.Мамандық бойынша жаңа оқу бағдарламаларын құрастыру және оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін жасауға;
9.Зерттеу нәтижелерін болжау және бағалауға, ғылыми-зерттеу процесін жобалауға, ғылыми дәлелдемелерді талдауды қамтитын болжамдарды тұжырымдаудың логикалық тізбегін құруға;
10.Кәсіби аударма аясында Қазақстандағы және әлемдегі саяси, мәдени және институционалдық оқиғаларды талдауға және кәсіби аударуға;
11.Шығыс тілінде ғылыми құжаттамаларды құрастыру және ресімдеуге (диссертациялар, есеп, шолу, баяндама, аннотация, баяндама, мақала, библиография, сілтеме); тілдік кедергілерді еңсеруге; ана тілі мен оқылатын тіл арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді зерделеуге;
12. Кәсіпорындар мен ұйымдарда өндірістік, коммерциялық, басқарушылық және басқа салаларда кәсіби аударма қызметін жүзеге асыруға;
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Шығыс тілінде сөйлеу этикеті және келіссөз практикасы-5 ECTS
- Шығыс тіліндегі ауызша аударманың спецификасы-5 ECTS
- Практикалық риторика және ауызша аударма техникасы-5 ECTS
- Көркем мәтіндерді лингвостилистикалық талдау-5 ECTS
- Жазбаша аударманың технологиясы-5 ECTS
- Поэтикалық мәтіндерді аудару-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Кәсіби-бағытталған шығыс тілі-5 ECTS
- Аударма теориясы мен практикасының заманауи әдіснамасы-5 ECTS
- Аударматанудағы заманауи тенденциялар-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-4 ECTS
- Шығыс тіліндегі мәтіндерді редакциялау, рефераттау теориясы мен практикасы-5 ECTS
- Қауіпсіздік саласындағы аударма-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Мәтінді лингвистикалық талдау әдістері және аудармашылық талдау-5 ECTS
- Қазіргі шығыс тілінің терминологиясы-5 ECTS
- Аударма этикасы және дипломатиялық протокол-5 ECTS
- Халықаралық қатынастар саласындағы аударма-5 ECTS
- Шығыс тілінің дискурсы-5 ECTS
- Жазба мәтіндердегі ұлттық-мәдени ерекшелік-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
7М02302-Аударма ісі (шығыс тілдері) білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша магистр деңгейін бітірген Шығыстану факультетінің түлектері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Кеден қызметіне, түрлі деңгейдегі Бұқаралық ақпарат құралдарына, мұражайлар мен мұрағаттарға, аударма агенттіктеріне, ғылыми-зерттеу орталықтарына сондай-ақ ЖОО-на жұмысқа тұра алады және сұранысқа ие. Түлектер сонымен бірге Қазақстандағы Қытай,Жапония, Корея,Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінің әртүрлі компаниялары мен фирмаларында жұмыс істей алады. Сонымен қатар арнайы білім беру бағдарламалары ұқсас мамандықтар бойынша докторантураға түсіп, оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Байланыс
Осы бағдарлама бойынша оқуға түсуге ниет білдірген талапкер төменде көрсетілген оқытушылармен байланысып, толық ақпарат ала алады. 1. Арзықұлов Аманжол Азкеновия, +7 707 324 9130, Amanzhan.Arzykulov@gmail.com 2. Жанатаева Кульжан, 87073737073, Kulzhan.Zhanataeva@kaznu.edu.kz 3.Мамедова Фатима, +7 702 756 77 44, yaftama@mail.ru 4.Абаған Ақерке, +7 775 840 98 14, akerke.abaganova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123