Білім беру бағдарламасы
БББ мақсаты шет (шығыс) тілдерін еркін меңгеру арқылы кәсіби міндеттерді шешуге және кәсіби және өзге де қызметтің әртүрлі аспектілері бойынша өз пікірін дәлелді түрде білдіруге қабілетті, қоршаған ортадағы, оның ішінде шет тілдік ортада, шынайы болмысты нақты адамгершілік және азаматтық ұстаныммен барабар бағалай алатын маманды сапалы даярлау.
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
ON1)шет тілдеріндегі коммуникативтік-сөйлеу қызметінің әртүрлі түрлерін (ауызша, жазбаша және экстралингвистикалық) кәсіби және жалпы мәдени қарым-қатынас барысында біріктіру, тіларалық аударма әдістерінің кешенін меңгеру;
ON2)фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік талдау арқылы тіл жүйесінің сатыларын ажырату, сонымен қатар тілдің тұтас жүйелік білім ретіндегі рөлін түсіндіру;
ON3) әр түрлі жанрлық және стилистикалық бағыттағы шет (шығыс) тіліндегі мәтіндермен жұмыс істеу, оның аударма алдындағы талдауы мен аудармасын қоса алғанда;
ON4)әлемдік әдебиеттің теориясы мен тарихы саласындағы негізгі тұжырымдамаларды, сондай-ақ қазіргі әдістер мен тәсілдер негізінде оқытылатын тіл елінің әдебиетін топтастыру;
ON5)әдеби шығарманың көркемдік мәні мен өзіндік ерекшелігін дәуірдің әлеуметтік жағдайы мен мәдениетіне байланысты дәлелдей отырып, зерттеліп жатқан тіл еліндегі әдеби процестің кезеңдерін саралау;
ON6)оқылатын тілдегі әдеби шығармаларға идеялық-тақырыптық мазмұны, жанрлық және сюжеттік-композициялық ерекшеліктері, стилі мен поэтикасы тұрғысынан кешенді талдау жүргізу;
ON7)ресми және өзге сипаттағы шет тілді БАҚ материалдарын сыни талдау; іскерлік хат алмасуды жүргізу; хаттамалық іс-шаралар ұйымдастыру;
ON8) Қазақстан және оқылатын тіл елінің қоғамдық-тарихи және рухани-философиялық тәжірибесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, оның мәдениетінің жалпыадамзаттық өркениетке қосқан үлесін бағалау;
ON9) шетел (шығыс) филологиясы саласындағы жаңа жетістіктерді тіл мен сөйлеу, тілдің әлеуметтік табиғаты және оның қазіргі заманғы мультимәдени әлемдегі рөлін зерттеуде пайдалану;
ON10)тіл, әдебиет және мәдениет деректеріне қатысты өз ұстанымын айқындай отырып, пікірталас жүргізу; ғылыми эсселер, баяндамалар, рефераттар, шолулар жасау;
ON11)инновациялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби қызметтің әртүрлі міндеттерін шешу; компьютерлік аударма бағдарламалары, электрондық сөздіктермен жұмыс істеу;
ON12) әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, шет тілдік ортада тұлғааралық қарым-қатынасты жүзеге асыр;
ON13)республикалық және халықаралық заңнама нормаларын сақтай отырып, құқықтық, экологиялық және кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыру.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
6В02301-Шетел филологиясы (шығыс тілдері) білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша бакалавр деңгейін бітірген түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар болып есептеледі. Олар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Кеден қызметіне, түрлі деңгейдегі Бұқаралық ақпарат құралдарына, мұражайлар мен мұрағаттарға, аударма агенттіктеріне, ғылыми-зерттеу орталықтарына сондай-ақ ЖОО-на жұмысқа тұра алады. Түлектер сонымен қатыр Қытайдың, Түркияның, Араб елдерінің, Кореяның, Жапонияның, Үндістанның, Пакистанның, Иранның түрлі компаниялары мен фирмаларында жұмыс істей алады. Сонымен қатар 7М02310-Шетел филологиясы, 7М02302-Аударма ісі, 7М02217-Шығыстану білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға түсіп, оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері бар.
Байланыс
Осы бағдарлама бойынша оқуға түсуге ниет білдірген талапкер төменде көрсетілген оқытушылармен байланысып, толық ақпарат ала алады.
1. Искакова Зәуре Ерновна, +7 777 801 13 08, zaure.india@mail.ru
2. Ахметбеова Ақбота Кәрібайқызы, +7 701 873 99 91, aaxbota@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123