Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама биология, медицина, биотехнология, ауыл шаруашылығы және экология саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін генетикалық зерттеулер жүргізуде теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, жалпы және молекулалық генетика саласында бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған
ОН1. Молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейлердегі генетикалық механизмдер мен процестерді талдау.
OН2. Молекулалық-генетикалық өзгерістерді және олардың денсаулық пен тұқым қуалаушылыққа әсерін түсіндіру.
OН3. Медицина мен ауыл шаруашылығында биологиялық объектілерді құру және жақсарту үшін генетикалық әдістерді қолдану.
OН4. Ауруларды диагностикалау және емдеу үшін заманауи молекулалық-генетикалық технологияларды қолдану.
OН5. Генетикалық зерттеулердің нәтижелерін статистикалық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығын ескере отырып түсіндіру
OН6. Заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен ғылыми және патенттік ақпаратты талдау.
OН7. Теориялық және қолданбалы пәндерді студенттерге арналған тәсілдерді, цифрлық және интерактивті әдістерді және басқа да заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып оқыту.
OН8. Биология, медицина, экология және ауыл шаруашылығындағы кешенді мәселелерді шешу үшін пәнаралық зерттеулер жүргізу
OН9. Ғылыми және кәсіби зерттеулерде этикалық және құқықтық нормаларды сақтау.
ОН10. Өз саласында жоғары жетістіктерге жету үшін кәсіби және жеке өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Келесі қызмет түрлері жұмыспен қамтуды қарастырады:
• Ғылыми-өндірістік зерттеулер қызметі: ғылыми материалдарды жинау және дайындау, далалық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, биологиялық өндіріс процестеріне технологиялық бақылауды жүзеге асыру, генетика саласында базалық биологиялық және арнайы дайындықты талап ететін жобалық және өндірістік міндеттерді шешу.
• Қолданбалы молекулалық диагностика, зертханалық іс-әрекеттер: зертханалық зерттеулерге материалдар алу, сапалы талдаулар жүргізу, талдаулар нәтижелері бойынша қорытынды жасау.
• Сот-медициналық сараптама және медициналық-генетикалық кеңес беру: әкелікті анықтау, биоматериалдың жеке тұлғалығын анықтау (ДНҚ тестілері) және цитогенетикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасау.
• Табиғи ортаның жағдайын биомониторинг және биологиялық бақылау, қоршаған ортаның мутагендік факторларын бағалау.
• Педагогикалық қызмет: орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында жұмыс істеу.
• Ұйымдастыру-басқару: ғылыми-өндірістік ұйымдарды ұйымдастыру және оларды басқару; далалық және тәжірибелік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; генетика саласына заманауи инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Академиялық ұтқырлық пен алыс және жақын шетелдердің университеттерінде және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
Байланыс
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 324, 328, 526 кабинеттер
Тел: +727377-33-33 (вн. 12-06; 19-72; 19-37)
e-mail: anna.lovinskaya@kaznu.edu.kz; zhazir16@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123