7M07109 Жылу энергетикасы
Цель: Жылу энергетикасы мен жылутехнологиялар саласында ғылыми-практикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер; жылу қондырғыларының сенімділігі мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге; технологиялық процестерді компьютерлік моделдеуді жүргізуге және оларды оңтайландыру үшін ұсыныстар ұсынуға қабілетті; оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін пайдалана отырып, кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламаларын іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға дайындық.
Предметы на ЕНТ: Жылу техникасының теориялық негіздері и Қазандық қондырғылар және жылулық қозғалтқыштар

Білім беру бағдарламасы
Жылу энергетикасы мен жылутехнологиялар саласында ғылыми-практикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті дағдылар мен іскерліктер; жылу қондырғыларының сенімділігі мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуге; технологиялық процестерді компьютерлік моделдеуді жүргізуге және оларды оңтайландыру үшін ұсыныстар ұсынуға қабілетті; оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін пайдалана отырып, кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламаларын іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға дайындық.
ON1. Жылуэнергетиканың күрделі мәселелерін шешу үшін физикалық және техникалық білімді біріктіру және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде пікірлерді қалыптастыру.
ON2. Дәстүрлі және баламалы Жылу энергетикасы саласындағы теория мен тәжірибенің жаңа жетістіктерін сыни бағалау және түсіндіру.
ON3. Жылуэнергетикалық сала кәсіпорындарының қазіргі мәселелерін және осы мәселелерді шешу тәсілдерін талдау.
ON4. Энергетикалық жүйелердің физика-математикалық модельдерін жасау және олардың негізінде кешенді зерттеу жүргізу.
ON5. Өз өмірі мен қызметінің барлық салаларында, атап айтқанда кәсіби мақсаттар үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сауатты пайдалану.
ON6. Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау сұлбаларының жұмыс және апаттан кейінгі режимдерін есептеуді орындау және жылумен жабдықтауды ұйымдастырудың ең тиімді тәсілдері мен құралдарын сыни бағалау.
ON7. Энергия және ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жылу энергетика саласының қайталама өнімдерін пайдалану бойынша әдістер мен шешімдерді әзірлеу және ұсыну.
ON8. Жылу техникалық қондырғылардың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және энергияны пайдалану тиімділігін арттыру үшін Энергетикалық жүйе параметрлерін есептеуді орындау.
ON9. Ғылыми және қолданбалы жұмыстарды жүргізудің әртүрлі әдістерін талдау, зерттеу тақырыбын тұжырымдау және негіздеу, ғылыми-педагогикалық қызметте кәсіби-практикалық іскерліктер мен дағдыларды қолдану.
ON10. Ғылыми-техникалық ақпаратты талдау, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені меңгеру.
ON11. Қолданыстағы этикалық нормаларға сәйкес ғылыми зерттеулер мен жобаларды әзірлеуді дербес ұйымдастыру және жүргізу.
ON12. Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін жүйелеу және оларды жазбаша түрде есептер, рефераттар, мақалалар, магистрлік диссертация түрінде ұсыну және оларды талқылауға қатысу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Энергетика дамытудың перспективті бағыттары-5 ECTS
- Жылуэнергетиканың электрлік бөлшегі-5 ECTS
- Жылу энергетика мен жылутехнологияның ғылыми-техникалық мәселелері-5 ECTS
- Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау негіздері-5 ECTS
- Ғылыми эксперименттің теориясы және техникасы-5 ECTS
- Жылу энергетикасы саласындағы менеджмент және маркетинг-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Жылуэнергетика өнеркәсіптеріндегі қоқысты материалдарды қолдану және жою-5 ECTS
- Жылутехникалық процестер мен қондырғыларлдың автоматтандырылған басқару жүйелері-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Жылумен жабдықтау жүйелері және жылу желілері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Ғылыми мақалаларды жазу әдістемесі және технологиясы-5 ECTS
- Жылу және масса алмасу аппараттарындағы конвекция процестері-5 ECTS
- Қалдықсыз өндірістердің даму мәселелері және оларды шешу жолдары-5 ECTS
- Жану камерасындағы реакцияға түсетін ағыстарды 3D моделдеу-5 ECTS
- Жылутехникалық құрылғылардың қауіпсіздігі мен пайдаланылмалы сенімділігі-5 ECTS
- Сұйық және қатты отындардың жануын компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Жылу энергетикасындағы заманауи «таза» технологиялар-5 ECTS
- Жылу энергетикасындағы экологиялық қауіпсіздік-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер: 1. "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы " акционерлік қоғамы»; 2. "Академик Ш. Ш. Шөкин атындағы Қазақ энергетика ҒЗИ" АҚ»; 3. "Эксперименттік және теориялық физика" ҒЗИ); 4. НТО Плазмотехника; 5. Жану проблемалары институты; 6. "Алматы жылу желілері "ЖШС»; 7. МКК "Теплокоммунэнерго»; 8. АҚ "Атырау ЖЭО»; 9. "АлЭС"АҚ ЖЭО-2. Білім беру бағдарламасы Жылу энергетика саласындағы нақты жұмыспен қамту саласы үшін келесі бағыттар бойынша өзекті болып табылады: 1. Жылуды өндіру, бөлу және пайдалану жөніндегі технологиялық қондырғылар; 2. Әртүрлі мақсаттағы бу және су жылыту қазандары, атом электр станцияларының бу генераторлары; 3. Бу және газ турбиналары, энергоблоктар; 4. Сығылған және сұйылтылған газдарды өндіру жөніндегі қондырғылар, компрессорлық, тоңазытқыш және криогендік қондырғылар, ауаны баптау жүйелерінің қондырғылары, жылу сорғылары; 5. Жоғары температуралы және термоылғалды технологиялар қондырғылары, жүйелері мен кешендері, химиялық реакторлар; 6. Қосалқы жылу техникалық жабдықтар, әртүрлі мақсаттағы жылу және масса алмасу аппараттары; 7. Жылу желілері; 8. Жылу тасығыштарды және жұмыс денелерін кондиционерлеу қондырғылары; 9. Технологиялық сұйықтықтар, газдар және булар; 10. Балқытпалар, қатты және сусымалы денелер энергетикалық және технологиялық қондырғылардың жылу тасығыштары және жұмыс денелері, Отын және май; 11. Өнеркәсіптік өндірістердің жылутехнологиялық кешендері; 12. Қалыпты сапалы суды дайындау және пайдалану жөніндегі қондырғылар, жүйелер мен кешендер; 13. Жылу және атом электр станцияларында суды дайындау және пайдалану жөніндегі технологиялық қондырғылар: алдын ала тазарту, ионитті және мембраналық қондырғылар жабдығы, жылу желілерінің суын дайындау және пайдалану жөніндегі технологиялық қондырғылар; 14. Айналмалы сумен жабдықтау жүйелері; 15. Сарқынды суларды тазарту қондырғылары, жүйелері мен кешендері; тамақ өнеркәсібіне арналған суды дайындау және пайдалану жөніндегі қондырғылар, жүйелер мен кешендер; 16. Буландыру және бу түрлендіргіш қондырғылардың суын дайындау және пайдалану жөніндегі технологиялық жабдық; 17. Нормативтік-техникалық құжаттама және стандарттау жүйелері, Жабдықты сынау және жіберілетін өнімнің сапасын бақылау әдістері мен құралдары; 18. Жылу энергетикалық процестерді жүзеге асыру кезінде энергия және ресурс үнемдеуді және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету тәсілдері мен құралдары; Жылуэнергетикалық объектілер мен жүйелерді басқару және автоматтандыру құралдары.
Байланыс
Болегенова Салтанат Алихановна Алматы, 050040, аль-Фараби, 71. Физика-техникалық факультеті, 317. Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы тел:+7 701 386 9755. 15-43.
БББ бойынша құжаттар
23123123